Там 04, 2024 21:28 Asia/Almaty
  • Иранның студенттер одағы Пезешкианға: Әлемдегі аз қамтылған адамдардың құқықтарын қорғаңыз

Иранның студенттер одағы ел Президентіне хатында: "Иран – әлемдегі жәбірленушілердің пана іздейтін жері. Ол осындай қамқоршы болып қала беруі керек",-деп баса айтты.

Иранның студенттер одағы Студенттерді жұмылдыру позицияларын нақтылау жөніндегі кеңеспен бірігіп, ел Президенті Масуд Пезешкианға жазған хатында Исмаил Ханияға жасалған қастандыққа жауап беру және әлемдегі аз қамтылған адамдардың құқықтарын қорғау қажеттігі туралы кейбір мәселелерді көтеріп, сионистік дұшпанға лайықты жауап беру керегін айтты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл хатта Құран аяттарын келтіре отырып, Исмаил Ханияның өліміне жауап беру қажеттігі баса айтылып, доктор Масуд Пезешкианнан осы бағытта әрекет ету сұралды.

Иранның студенттер одағы сионистік дұшпанның қарсыласу қолбасшыларына қастандық жасау арқылы Иран мен Ливанда қауіпсіздік сақталмағанын жеткізуге әрекеттеніп жатқанын айтып, бұл террорды Иран аумағына жасалған тікелей шабуыл және елдің ұлттық қауіпсіздігін бұзу деп атады.

Хатта сонымен қатар Иранның қарсыласу күштері мен әлемде жапа шеккендерге пана екенін айтып, Президенттен дұшпанға табанды да жойқын жауап беру сұралды. Сонда Иранның халықаралық кеңістіктегі орны сақталып, палестиналықтардың жүрегі жұбанады.  

Студенттер одағы Иранның әлемдегі жәбірленушілердің пана іздейтін жері екенін, сондықтан өз іс-қимылдарымен қарсыласу майданын біріктіріп, нығайтуы керегін айтты.  

Тегтер