Там 14, 2024 18:35 Asia/Almaty
  • Иран ислам елдері арасында кванттық технология өндірісі бойынша бірінші орында

Web of Science сайтының деректері бойынша, Иран кванттық технологияның барлық салаларында ғылым өндірісі бойынша ислам елдері арасында бірінші орында тұр.

Кванттық технология – әлемде қызу талқыға салынып жатқан тақырып. 20 ғасырда болған алғашқы кванттық революция транзистор сияқты бөлшектердің жасалуына себеп болды және компьютер секілді озық есептеуіш машиналар жасау, содан кейін интернет әлеміне кіру технологиясында үлкен өзгерістер әкелді. АҚШ-тың санкцияларына қарамастан, соңғы жылдары Иран бұл ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам әлемінің ғылыми-технологиялық дереккөздерін жинау және мониторинг жасау институтының (ISC) басшысы сейіт Ахмад Фазылзада: "Кванттық технологияның барлық салаларында Иран әлемде сегізінші орында және Ислам әлемі елдері арасында бірінші орында тұр",-деді.

Фазылзада: "ИИР-дың 20 жылдық бағдарламасында белгіленген мақсат бойынша, кванттық технология саласында Иран білімге негізделген басқару, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету мүмкіндіктері, сондай-ақ кеңейту және даму саласындағы мемлекеттік және жеке секторлардың тиімді қатысуы арқылы аймақта ең жоғары орынға ие болуы керек",-деді.

Фазылзада әлемдік сахнада кванттық технология саласында қарқынды және ауыр бәсекелестік бар екенін айтып: "Қытай кванттық үстемдікке қол жеткізу үшін 15 млрд доллардан аса бюджет бөлді. Еуропалық Одақ бұл салаға 7 миллиардтан астам, ал АҚШ 2 миллиард долларға жуық инвестиция салды",-деді.

 

 

Тегтер