Там 15, 2024 00:02 Asia/Almaty
  • Жаңалықтар легі: Иран Парламентінде алжирлік дзюдошының суреті көрсетілді, Қалибаф әлем елдері Парламенттерінің төрағаларына хат жазды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілі алжирлік дзюдошының сионистік режим спортшыларына байкот ретінде жасаған әрекетіне алғыс айтып, оны Иранға сапарлап келуге шақырды.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде Палестинаны қолдауға бағытталған түрлі заңдар бекітілді. Иранның он төртінші үкіметіне ұсынылған министрлердің бағдарламаларын талқылауға арналған 70 жиналыс өтті. Этникалық топтар мен илаһи діндердің құқықтары заңнамалық негізде қамтамасыз етіледі. Осының бәрі – өткен аптада Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде болған оқиғалар тізбегі.

Иран Парламентінде алжирлік дзюдошының суреті көрсетілді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Теһран өкілі Амир Хұсейн Сабети өз сөзінде Палестина халқына қолдау ретінде сионистік режимнің өкілімен белдесуден бас тартқан алжирлік дзюдошы Масуд Идристің суретін көрсетіп, оның бұл ісіне алғыс айтып, оны Иранға сапарлап келуге шақырды.

Иран Парламентіндегі алжирлік дзюдошының суреті

Этникалық топтар мен илаһи діндерге қолдау көрсетіледі  

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі Теһранның христиан армяндарының өкілі Ара Шавердиан Женевада өткен БҰҰ-ның нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою комитетінің 113-ші жиналысында: "ИИР ирандық этникалық топтар мен илаһи діндерге тиісті қолдау көрсетеді. жеке адамдарды, топтар мен діндерді өшпенділік пен алауыздықтан қорғау Ирандағы заң шығарушы орган қолдайтын құндылықтардың бірі болып табылады",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде Палестинаны қолдауға бағытталған түрлі заңдар бекітілді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісіндегі "Палестина халқын қолдау" халықаралық конференциясының бас хатшысы сейіт Мұджтаба Атбахи Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің аға мүшелері Усама Хамдан, Әли Әбушахин, Халед Қодуми, Насер Әбушәрифпен кездесуінде: "Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Палестинаны қолдауға бағытталған көптеген заңдар бекітті. Бұл Иранның әл-Құдстың басып алған режимге және үстемшіл елдерге қарсы тұруға белді бекем буғанын білдіреді",-деді.

Иранның он төртінші үкіметіне ұсынылған министрлердің бағдарламаларын талқылауға арналған 70 жиналыс өтті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің баспасөз өкілі Әлиреза Салими Ислам кеңесінің мамандандырылған комиссияларында 14-ші үкіметке ұсынылған министрлердің біліктіліктері мен бағдарламалары тексерілгеніне сілтеме жасап: "Осы уақытқа дейін Мәжілістің арнайы комиссияларында ұсынылған министрлердің біліктіліктері мен бағдарламаларын тексеруге арналған 70 жиналыс өтті. 27 мордадта Мәжілісте Иран Президентінің қатысуыменг 14-ші үкіметке ұсынылған министрлерге сенім дауысын беру рәсімі өтеді",-деді.

Қалибаф әлем елдері Парламенттерінің төрағаларына хат жазды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибаф әлем елдері Парламенттерінің төрағаларына жазған хатында: "БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ пен кейбір Батыс елдерінің тікелей және жан-жақты қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Газадағы сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін байсалды әрі шұғыл әрекет етуге міндетті",-деді.

Тегтер