Там 16, 2024 19:53 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи дұшпанның психологиялық соғысына қарсы қырағы күресу керегін айтты

Имам Хаменеи дұшпанның әскери саладағы психологиялық соғысының мақсатын Иран халқын қорқытып, кейін шегіндіру деп атап: "Құран Кәрімде айтылғандай, кез келген салада, әскери, саяси, үгіт-насихат және экономикалық салада болсын, тактикалық емес шегініс Құдайдың қаһарына ұшыратады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні Кохгилуйе мен Буйерахмад облысы шәһидтерінің ұлттық конгресі штабының қызметкерлерімен кездесуінде қара ниеттілердің Иран халқын түрлі салаларда шегінуге мәжбүрлеу үшін психологиялық соғыс жүргізіп, үрей туғызатын айла-шарғысына тоқталып,  осы айла-шарғыларға қарсы күресудің жолын өз қарым-қабілетін білу және қара ниеттілердің күшін асыра көрсетуден аулақ болу деп атап: "Шәһидтер бұл психологиялық соғысқа жанпидалықпен қарсы тұрып, оны бейтараптандырды",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеи: "Шәһидтерді еске алуда осы шындықты айшықтап, өміршең ету керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде исламдық Иран халқына қарсы психологиялық соғыстың басты негіздерінің бірін дұшпандардың күш-қуатын асыра көрсету деп атап: "Ислам революция жеңіске жеткен кезден бастап олар біздің халқымызға әртүрлі жолмен АҚШ, Ұлыбритания мен сионистерден қорқу керек деп түсіндіріп, иландырғысы келеді",-деді.

Имам Хаменеи ИИР-дың негізін қалаушы имам Хомейнидің (ғ.) ұлы өнерін ұлттың жүрегінен үрейді шығарып, оларға өз-өзіне сенім мен сенімділік беру деп атап: "Халқымыз өзінің ішкі күш-қуатына сүйеніп, ұлы істерге қауқары жететінін сезіп, жаудың соншалықты мықты емес екенін түсінді",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның әскери саладағы психологиялық соғысының мақсатын Иран халқын қорқытып, кейін шегіндіру деп атап: "Құран Кәрімде айтылғандай, кез келген салада, әскери, саяси, үгіт-насихат және экономикалық салада болсын, тактикалық емес шегініс Құдайдың қаһарына ұшыратады",-деді.

Имам Хаменеи дұшпанның талабына бас иіп, әлсіздік танытып, оқшаулануды саяси сахнада дұшпанның күшін асыра көрсетудің салдары деп атап: "Бүгінде үлкенді-кішілі халықтармен бірге үстемшілдердің талабына көніп отырған мемлекеттер өз халқының қарым-қабілетіне сүйеніп, дұшпанның күш-қуатының шынайы жағдайын әсірелемей көрсе, олардың талаптарына тізе бүгуден бас тартады",-деді.

Имам Хаменеи мәдени салада дұшпанды әсірелеп көрсетудің нәтижесін  енжарлық, жау мәдениетіне қызығып, өз мәдениетін менсінбеу деп атап: "Мұндай енжарлықтың нәтижесі – қарсы тараптың өмір салтын қабылдау және тіпті шетелдік сөздер мен түсініктерді қолдану",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі шәһидтер мен моджахедтерді жаудың психологиялық соғысына қарсы тұрған адамдар деп атап: "Қорықпай, өзгенің сөзіне иланбай, психологиялық соғысқа қарсы шыққан жастарды бағалай білуіміз керек. Бұл шындықты көркем шығармаларда бейнеленеп, еске алу кештерінде айтып, өміршең етуіміз керек",-деді.

Имам Хаменеи шәһидтер мен Қасиетті қорғаныс туралы мәдени-көркем шығармаларды, соның ішінде кітаптар мен фильмдерді, әсіресе көрермендер мен жастардың өмір салтында ұзақ әсер қалдыратындай етіп шығаруға баса назар аудару керегін айтып, осы конгресті өткізуге атсалысқандарға алғысын білдіріп: "Бір халықтың шәһид болған жастары – елді дамытуға мықты негіз, үлкен тірек. Шәһидтердің есімдерін мәңгі сақтап, оны бұрмалау немесе ұмытудың алдын алу керек",-деді.  

 

Тегтер