Там 19, 2024 19:36 Asia/Almaty
  • Арбаин Ислам әлемі үшін үлкен мәртебе, бірлік пен қозғалыстың хабаршысы

Лорестан университетінің ректорының пікірінше, Арбаин қозғалысы ислам әлемі бірлігінің басты нүктесі.

Лорестан университетінің ректоры Әли Назари Арбаинді Ислам үмбетінің ең үлкен рухани көріністерінің бірі деп санайды. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Назари ИСНА ақпарат агенттігімен сұхбатында осы ұлы илаһи және адами қозғалыстың кейбір қырларына тоқталды. Әли Назари бұл әңгімеде Имам Хұсейн (ғ.с.) ғашықтарының Кербала сапарына нащар аудартып, былай деді:

«Арбаин – жүректен басталатын сапар, зияратшылар әрбір қадамын Аба Абдаллаға (ғ.с.) терең сүйіспеншілікпен жасайды».

 

Ол бұл тамаша шерудің ислам әлемі үшін абырой екенін баса айтты:

«Бұл рухани рәсімде ұлттардың көп болуы жауларды үрейлендіреді. Олар бұл шеруге қатысушылар саның азайтуға тырысады, бірақ анық көрінетін нәрсе - Кербала жолындағы зияратшылардың көптігі».

 

Әли Назари сондай-ақ:

«Арбаин шеруінде Палестина мен Газаның езілген халқына қолдау бұрынғыдан да көбірек көрсетілді. Қажылар қолдарына қарсыласу майданы шейіттерінің фотосуреттері мен Палестина туын алып, әлемнің мазлұмдарына қолдау білдіруде»,- деп айтты.

 

Лорестан университетінің ректоры одан әрі:

«Арбаин қозғалысы ислам әлемі бірлігінің негізгі нүктесі болып табылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі ұлттар имам Хұсейн (ғ.с.) осінің айналасына жиналып, оның Сейед әш-Шохада (ғ.с.) бірлігінің осі екенін көрсетеді»,- деп сөзін жалғады.

 

Ол бұл рухани қозғалыстың Ислам дұшпандарына қарсы тұрудағы рөліне тоқтала келе:

«Имам Хұсейннің (ғ.с.) пәк қанының жылуы соншалық, бұл сапардың қиындықтарына, соның ішінде ауаның ыстығына төтеп беруді жеңілдетеді. Бұл сапар имам Мәһди (ғ.с.) ізімен жүрген сарбаздар үшін жаттығу ғана емес, сонымен бірге дұшпанға қарсы біріккен соғыстың бір түрі болып саналады»,- деп баса айтты.

 

Назари рәсімде құрылған жаһандық одақ Кербаланың 80 шақырымдық жолдарында бірліктің әдемі көрінісін көрсететініне назар аудартты.

Ол:

«Бұл шеру ирактық шиіттердің үй иесі ретіндегі құрбандық пен берілгендіктің көрінісі. Олар бар дүние-мүлкін зияратшыларға береді»,- деп мәлімдеді.

 

Лорестан университетінің ректоры Әли Назари соңында:

«Имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбаин шеруінің ұлылығы дұшпандарды ашуландырды. Алла Тағала мұсылмандардың дұшпандарды ашуландыратын жолда болуы керектігін айтты, ал Арбаин Ислам әлемінің дұшпандарға қарсы күшін көрсетудің айқын мысалы болып табылады»,- деді.

 

Арбаин

Арбаин (араб.: әл-Арбаин) сөзбе-сөз «қырқы» деген мағынаны білдіреді, ал ислам тілінде бұл Ашура күнінен қырық күн өткен соң, сафар айының 20-сы күні өтетін исламдық діни рәсім. Кербалада Ислам пайғамбарының немересі, Әли бин Әбиталиб пен Фатима Заһраның ұлы және Әһли Бәйттің үшінші имамы Хұсейн бин Әли шәһид болды.

Бұл күні Пайғамбар әулетінің жанкүйерлері Кербаладағы имам Хұсейннің (ғ.с.) кесенесіне зияратына барады.

Имам Хұсейн (ғ.с.) және оның 72 серігі  хижраның 61-ші жылы Кербала шайқасында Язид бин Муавия бин Әби Суфиянның әскері қолынан шәһид болды. Қазіргі уақытта Әһл әл-Бәйттің жанкүйерлерінің үлкен тобы Арбаинға жақын күндері Кербалаға қарай жаяу жүріп жатыр. Олар әлемдегі ең үлкен шеруге қатысады. Кейбір жылдары қатысушылардың саны 20 миллионнан асады.

Тегтер