Там 24, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тің 14 лаңкесі Иранның барлау торына түсті

ИИР Барлау министрлігі мәлімдемесінде елдің төрт облысында ДАИШ-тің 14 лаңкесінің ұсталғанын хабарлады.

 

Иранның Бпарлау министрлігі мәлімдемесінде Сот билігінің бұйрығымен «Хорасан ДАИШ-ы» деп аталатын американдық-сионистік топ басқаратын элементтердің 14 мүшесі анықталып, қамауға алынғанын жариялады.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы хабарландыруға сәйкес, Фарс облысында ДАИШ-тің 7 элементі және Иранның Теһран, Альборз және Хузестан облыстарында тағы 7 лаңкес тұтқындалды.

2011 жылы ДАИШ лаңкестік тобы кейбір елдердің күмәнді және ұйымдасқан қолдауымен Батыс Азиядағы Израиль режиміне қарсы тұрған кейбір елдердің әлеуметтік және ұлттық тәртібіне іріткі салу мақсатында Ирак пен Сирияда өзінің бар екенін жариялады.

Бұл топ өзін Исламның өкілі деп атайды және осы атпен көптеген мұсылмандарды өлтіріп, олардың көптеген тарихи мұраларын жойды.

Ирак пен Сирия үкіметтерінің ресми өтініші бойынша Иран Ислам Республикасы осы елдерге лаңкестермен күресте консультативтік көмек көрсетті.  Ақырында өзін-өзі жариялаған ДАИШ үкіметі 2017 жылы Қасем Сүлеймани мен Қарсыласу майданы күштерінің күшімен жойылды. Осыдан кейін  кейбір кездерде осы ағымның жанашырлары әлсіз лаңкестік операцияларды іске асырмақ.

 

Тегтер