Там 28, 2024 16:51 Asia/Almaty
  •  Американдық дүниежүзілік ғылым және өнертабыстар байқауында ирандық студенттер сегіз түрлі-түсті медаль жеңіп алды

Ирандық студенттер Американың әлемдік ғылым және өнертабыстар байқауында 8 түрлі-түсті медаль жеңіп алды.

 

2024 жылғы американдық дүниежүзілік ғылым және өнертабыстар байқауы 12 пән бойынша 34 елден 1000-нан астам адамның қатысуымен және Вирджиния университетінің ұйымдастыруымен өтті.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ирандық студенттердің ғылыми топтарының жетекшісі Мехди Рашиди Джахан: «Әлемнің ірі ғылыми және зерттеу ұйымдары мен Google және Microsoft компанияларының қолдауымен өткен бұл жарыста ирандық студенттер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды»,- деді.

Рашиди Джахан былай деп қосты: «Иран Американың дүниежүзілік ғылым және өнертапқыштық байқауында электроника, материалтану, робототехника, биотехнология, қоршаған ортаны қорғау және мехатроника салаларында медальдар жеңіп алды».

 

 

Тегтер