Қыр 01, 2024 18:57 Asia/Almaty
  • Иранның Керманы «D8» тобының туристік астанасына үміткер

Иранның Керман облысы Мәдени мұра, туризм және қолөнер басқармасының бас директоры: «Керман Иранның өкілі ретінде «D8» тобының туризм астанасы ретінде таңдалуына үміткер",- деді.

Сегіз дамушы ислам елдерінің тобы (D8) – Иран, Түркия, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия, Малайзия, Египет және Нигерия сияқты сегіз дамушы ислам елінен тұратын экономикалық топ. Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Керман облысының мәдени мұра, туризм және қолөнер басқармасының бас директоры Саид Шахрохи: «Тиісті туризм инфрақұрылымы, мәдени мұраны, инновациялар мен технологияны қорғау, туристердің қауіпсіздігі, туризм мен мәдениетаралық өзара әрекеттесуді ілгерілету мен маркетингі сияқты қажетті артықшылықтарға ие болған Керман «D8» туристік астанасы атағын алуда Иранның атынан қатысуға лайық",- деп мәлімдеді. Шахрохи былай деп қосты: "Иранның Керман қаласы осы атаққа ие болу үшін Түркияның Анталия және Пәкістанның Лахор қалаларымен бәсекеге түсіп отыр".

Тегтер