Қыр 01, 2024 21:01 Asia/Almaty
  • Сафар айының соңғы онкүндігінде Иранның Мешхед қаласына 7,5 миллион зияратшы келеді

Иранның Хорасан-Разави әкімі сафар айының соңғы күндерінде (25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында) Мешхедке 7,5 миллион қажы келетінін хабарлады.

Сафар айының 30-ы – әлем шиіттерінің сегізінші имамы және Пайғамбар әулетінің мүшесі Имам Резаның (ғ.с.) шәһид болған күні. Имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесі Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында орналасқан және жыл сайын миллиондаған зияратшылар осы қалаға келеді.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Хорасан-Разави губернаторы Якуб Әли Назари: «Өткен жылы осы уақытта 6 миллион 200 мың қажыны қарсы алсақ, биылғы жылы 15-20 пайызға артып, 7 миллион 500 мыңға жетеді деген болжам бар»,- деді. 25 тамыздан бері Мешхедке 2 миллион қажы кіргенін айтқан Назари: «400-500 мың қажы Мешхедке жаяу барады деп күтілуде»,- деп қосты.

Айта кетейік, имам Реза (ғ.с.) хижраның 148 жылы Мәдина қаласында дүниеге келіп, хижраның 203 жылы сафар айының соңғы күні халифа Аббасидің қолынан шәһид болды. Хазірет Имам Резаның (ғ.с.) өмірі мен имаматы – адамдардың Пайғамбардың Әһли Бәйтіне бейімділігінің шарықтау кезеңі және Әһли Бәйттің пәктік пен тазалық әулетінің халықтық негіздерінің кеңеюі болды.

Тегтер