Қыр 15, 2024 18:10 Asia/Almaty
  • Иран: Sky News телеарнасының Иран зымырандары туралы мәлімдемесі ойдан шығарылған

Лондондағы Иран елшілігі Sky News телеарнасының Иран зымырандарының Ресейге тасымалдануы туралы мәлімдемесін жоққа шығарып, былай деп баса айтты: "Sky News-тың бұл әрекеті кәсіби медиа көзқарасына негізделмеген, тек шытырман оқиғаға негізделген".

 

Sky News хабарында: "Жерсеріктен түсірілген суреттерде Ираннан баллистикалық зымыран тасиды деген күдікке ілінген Ресей туы ілінген жүк кемесі көрсетілген",- деп уәжденді.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Лондондағы Иран елшілігі мәлімдемеде: «Зымыранның суреті де, зымыранның тиелгені немесе түсірілгені туралы ешқандай дәлел, тіпті зымыранның баратын жері де жоқ. Олар Иранның Ресейге зымыран жібергенін тек порттағы кеменің суретіне сілтеме жасап отыр",- деді.

Айта кетейік, Иран мен Ресей билігі Украинадағы соғысқа байланысты әскери ынтымақтастық туралы мәлімдемені бірнеше рет жоққа шығарып, оны негізсіз деп сипаттаған болатын.

Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи де X әлеуметтік желісінде хабарлама жариялап: «Иран Ресейге баллистикалық зымыран жіберген жоқ",- деп жазды.

  

 

Тегтер