Қыр 15, 2024 18:42 Asia/Almaty
  • Иранның «Чамран 1» жер серігі ғарышқа сәтті ұшырылды

Иранның «Чамран 1» ғылыми-зерттеу жер серігі «Қаим 100» спутнигімен ұшырылып, жердің 550 км орбитасына сәтті орналастырылды.

«Чамран 1» (Chamran 1) ғылыми-зерттеу жер серігін Иранның электронды өнеркәсібі ғарыш тобы (Сайран) Аэроғарыштық зерттеулер институты мен білімге негізделген жеке компанияларының ынтымақтастығы мен қатысуымен әзірлеп, құрастырған.

Parstoday хабарлауынша, бұл спутниктің салмағы шамамен 60 кг және оның негізгі міндеті - орбиталық маневр технологиясын биіктікте және фазада дәлелдеу үшін аппараттық және бағдарламалық жүйелерді сынау.

Chamran спутнигі ғарышқа орналастырылғаннан кейін алғашқы сигналдарын жіберді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының аэроғарыш күштерінің мамандары жобалап, құрастырған Ghaem 100 қатты отын жер серігі Chamran 1 жер серігінің орбиталық жұмысын екінші орбиталық операциясында сәтті аяқтай алды.

 

Тегтер