Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: Тәуелсіз елдердің жаңа тәртібі ілгерілеуде және Америка тәртібі сәтсіздікке ұшырауда
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Беларусь әріптесімен кездесуінде Американың әлемдегі саясаттарының сәтсіздігіне тоқталып: "Әлемнің ешбір жерінде Америка үшін ілгерілеушілік жоқ және тәуелсіз елдердің жаңа тәртібіне қарай ілгерілеуден тартынбау керек",- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадиан мен Беларусь Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Вольфович Минскіде өткен кездесуде саяси, қауіпсіздік және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға және өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды.
Pars Тoday ақпаратына сәйкес, бұл кездесуде Әли Акбар Ахмадиан екі елдің халықаралық жүйеде көпжақтылықтың қажеттілігі туралы ортақ көзқарасына сілтеме жасап: «Жағдайлар мен әлемдік тәртіптің өзгеріп жатқаны теріске шығарылмайтын шындық»,- деді. Ол: "Бір кездері Америка мен Батыс елдері әлемдік сауда құралдарымен өзгелерді аяғының астына басып тастағысы келсе, бүгінде санкциямен әрекет етуге тырысады, бірақ бұл қозғалыс артта қалып, шарасыз",- деп қосты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы БРИКС пен ШЫҰ және осыған ұқсас құрылымдар жаңа әлемдік тәртіптің алғышарттары болып табылады деп мәлімдеп, Беларусь әріптесіне: «Сенімді болыңыз, біз өткенге оралмаймыз. Өткеннің бұйрығын күтпей, болашаққа көшуіміз керек",- деп айтты.
Ахмадиан сондай-ақ Батыс Азия аймағындағы өзгерістерге тоқталып: «Бүгінде сионистік режим соғысты жалғастырса да, бітім жасаса да сәтсіздікке ұшырады",- деді.
Бұл отырыста Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы ирандық әріптесінің көпполярлы әлем саласындағы сөзін қуаттап: «Теһран мен Минск бұл мәселеде бір көзқарасқа ие және бұл бағытта күшті қадамдар жасап жатыр",- деді.