Қыр 22, 2024 16:42 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Пайғамбардың бізге берген ең үлкен тағылымы – Ислам елінің қалыптасуы

Имам Хаменеи ислам үмбетінің қалыптасуы мен ислам әлемінің бірлігіндегі қасиеттердің рөліне тоқталып: «Ислам үмбетінің қалыптасуымен мұсылмандар өздерінің ішкі күштерімен сионистік режимнің қатерлі және зұлым ісіктерін Палестинадан жоя алады және Американың аймақтағы ықпалы мен үстемдігі мен күштеп араласуын жоя алады»,- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі хазірет Мұхаммад Мұстафа (ғ.с.) және имам Садықтың (ғ.с.) туған күнімен тұспа-тұс өткен Иранның қайраткерлері, ислам елдерінің елшілері және Бірлік конференциясына қатысушы қонақтармен, сондай-ақ адамдардың әртүрлі топтарымен кездесуінде әр дәуірде пайғамбарлардың шақыру жолдары  тұрлі болғанына тоқталып, адамзат тарихындағы ұлы керуеннің негізгі және соңғы жетекшісі Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қасиетті болмысы екенін баса айтып: «Ислам пайғамбары өмірге толық және жан-жақты сабақ берді. Біз үшін ең үлкен пайғамбарлық сабақтардың бірі – мемлекет құру және Ислам елін қалыптастыру»,- деп мәлімдеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі Пайғамбардың (с.ғ.с.) Меккедегі 13 жылдық күресін және сол кезеңдегі және одан кейінгі хижрат кезеңіндегі қиындықтар, аштық пен құрбандықтарды Ислам үмбетінің негізі ретінде қарастырып: «Бүгінгі таңда әлемде көптеген ислам елдері бар және екі миллиардқа жуық мұсылман өмір сүреді. Бірақ бұл жиынға «Үммет» деген атауды қоюға болмайды, өйткені үмбет мақсатқа үйлесімді және ерік-жігермен қадам жасайтын жиын. Ал қазіргі мұсылмандар бірге емес»,- деді.

Имам Хаменеи мұсылмандардың бөлінуінің нәтижесін Ислам дұшпандарының үстемдігі және кейбір ислам елдерінің АҚШ-тың қолдауына мұқтаждығы деп тауып:

«Мұсылмандар бөлінбесе, олар бір-біріне қолдау көрсетіп, бір-бірінің мүмкіндіктерін пайдаланып, барлық ұлы державалардан да күшті біртұтас топ құра алатын және енді Америкаға арқа сүйеудің қажеті болмас еді»,- деді.

Ол Ислам үмбетінің қалыптасуына әсер етуші факторлар туралы:

«Исламдық үкіметтер бұл салада тиімді болуы мүмкін, бірақ олардың ерік-жігері күшті емес. Бұл ерік-жігерді қалыптастырып нығайту Ислам әлемінің тұлғалары, атап айтқанда, саясаткерлердің, ғалымдардың, ойшылардың, академиктердің, ықпалды және зиялы қауымның, ақын-жазушылар мен саяси және әлеуметтік сарапшылардың міндеті»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі сионистердің Газа, Иордан өзенінің батыс жағалауы, Ливан және Сириядағы ашық әрі ұятсыз қылмыстарына тоқталып, былай деді:

«Олардың қылмыстарының құрбандары әскерилеп емес, қарапайым адамдар. Палестинадағы жауынгерлерге соққы бере алмаған кезде, олар өздерінің надан және зұлым ашуларын сәбилер мен балаларға және ауруханалардағы науқастарға бағыттады».

Аятолла Хаменеи бұл апатты жағдайдың себебін исламдық қоғамның ішкі күш-қуатын пайдалана алмау деп атады және ислам елдері мен сионистік режим арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды толығымен үзу қажеттігін тағы да қуаттап: «Исламдық елдер сионистік режиммен саяси қарым-қатынастарын толығымен үзіп, саяси және баспасөз шабуылдарын күшейтіп, Палестина халқының жанында екенін анық көрсетуі керек»,- деп айтты. 

Тегтер