Иранның Нью-Йорктен жолдауы: Бейбітшілік пен қауіпсіздікті және қос стандарттардан азат әлемді дамыту
(last modified Mon, 23 Sep 2024 11:16:43 GMT )
Қыр 23, 2024 17:16 Asia/Almaty
  • Иранның Нью-Йорктен жолдауы: Бейбітшілік пен қауіпсіздікті және қос стандарттардан азат әлемді дамыту

ИИР Президенті Иранның әлемге жолдауының бейбітшілік пен қауіпсіздік екенін баса айтты.

ИИР Президенті БҰҰ 79-шы Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келгеннен кейін «Шетелдік ресми тұлғалармен кездесулері мен отырыстарыда көтеруді жоспарлап отырған ең маңызды мәселелер қандай?» деген сұраққа: «Иранның әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке деген жолдауы және Біріккен Ұлттар Ұйымы биылғы жылы бейбітшілік пен барлық адамдар үшін даму бар болашақ туралы жариялаған ұранды жүзеге асыру»,- деп жауап берді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Пезешкиан: «Қан төгудің, соғыс пен өлтірудің орнына барлық адамдар түсіне, нәсіліне, ұлтына және аймағына қарамастан жайлы өмір сүретін әлем құрылуы керек. Бірақ, өкінішке орай, біз өмір сүріп жатқан әлем ондай емес. Қос стандарттар салдарынан кейбіреулері жақсы, біреулері нашар, нәтижесінде проблемалар туындады»,- деді.

Ол сондай-ақ: «Біздің жер бетінде өмір сүру мүмкіндігі барлық адамдар үшін бірдей болуы керек», - деп атап көрсетті.

Масуд Пезешкиан жексенбі күні жоғары дәрежелі делегацияның басында Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы әуежайға Біріккен Ұлттар Ұйымының 79-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін келді.

ИИР Президенті Теһранда кетер алдында Нью-Йорк сапары барысында Иран халқының үні, сонымен қатар әділет пен әділеттің үні болудан үмітті екенін айтты.