Қыр 24, 2024 17:29 Asia/Almaty
  • Иранның Шариф университетінің Батыс Азиядағы жеңісі; 3400  университет қатысатын халықаралық  бағдарламалау жарыстары

Иранның Шариф технологиялық университетінің құрамасы студенттердің халықаралық бағдарламалау жарысында Батыс Азия аймағының чемпионы атағын жеңіп алды.

Иранның Шариф технологиялық университетінің командасы 15-20 қыркүйек аралығында Қазақстанда өткен 48-ші ICPC әлем чемпионатында Батыс Азия аймағында бірінші орынды жеңіп алды. Pars Today хабарлағандай, осы жарыс  кезеңінде әлемнің 101 елінен 3400 түрлі университеттен 73 мыңнан астам студент бақ сынап, ақырында 141 үздік команда  әлемдік финалға өтті.

Шариф Технология университетінің командасы Батыс Азия аймағындағы ең үздік команда жүлдесін жеңіп алып, Стэнфорд, Кембридж, Корнелл, Колумбия, Мичиган, Иллинойс және Мэриленд сияқты әйгілі университеттерден жоғары болды.

Тегтер