Қыр 26, 2024 17:20 Asia/Almaty
  • Ирандық инженердің қатерлі ісік ауруының тиімді диагностикасы

Иранның ғылым және мәдениет университетінің электротехника бөлімінің оқытушысы қатерлі ісік ауруын диагностикалау үшін жарқырауық қоңыздар әрекеттерінен шабыттанған интеллектуалды компьютерлік жүйелерді пайдаланды.

Ғылым және мәдениет университетінің Электротехника кафедрасының оқытушысы Абдул Хұсейн Резаи қатерлі ісік ауруын диагностикалау үшін жарқырауық қоңыздар әрекеттерінен шабыттанған интеллектуалды компьютерлік жүйелерді пайдаланды.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Абдул Хұсейн Резаи және оның әріптестері бұл ғылыми зерттеуде дененің жылулық кескіндерін пайдаланған. Өйткені қатерлі ісікпен ауыратын адамдардың денесінде ісік белсенділігінің жоғарылауына байланысты ол бөлік дененің басқа бөліктеріне қарағанда ыстық болады.  

Ол былай деді: «Жұмыс әдісі мынада: бұл ақылды жүйе дененің жылулық кескіндерін зерттейді және әртүрлі алгоритмдердің көмегімен ісіктері бар кескіндерді сау кескіндерден ажыратады».

Бұл зерттеудің нәтижелері бұл жаңа әдіс қатерлі ісік ауруын ерте анықтауда жоғары дәлдікке ие және басқа қолданыстағы әдістерге қарағанда жақсы өнімділікті қамтамасыз ете алатынын көрсетті.

Тегтер