Қаз 05, 2024 17:36 Asia/Almaty
  • Ирандық өнертапқыш жасаған әлемдегі алғашқы өзін-өзі реттейтін жасанды жүректің бөлшектері; Женева өнертапқыштарының алтын медалі

Ирандық өнертапқыш жүректің магниттік қасиетін пайдаланып жасанды жүрек жасады, бұл бұрынғы мысалдардан өте ерекше.

 

Жасанды жүректің өнертабысы адамзат үшін маңызды медициналық жетістік болып саналғанымен, олардың ең жақсылары әлі де науқастың денесінде бірнеше айдан астам уақыт бойы қала алмады. Өткен жылдары ирандық өнертапқыштар да бұл салада ілгері қадамдар жасады және жақында гидромагниттік жасанды жүректі ирандық өнертапқыш Мұхаммад Сейед Хұсейни тіркеді.

IranРress-тің хабарлауынша, ирандық зерттеушінің бұл өнертабысы 2023 жылы медицина саласындағы жылдың ең жақсы өнертабысы деп танылып, Женевадағы өнертапқыштар байқауының алтын медалін жеңіп алды.

Ирандық өнертапқыш Мұхаммад Сейед Хұсейни бұл құрылғы туралы былай деді: "Бұл жасанды жүректің басқа жасанды жүректерге қарағанда артықшылығы бар, оның ең маңыздысы трансплантация кезінде өлшемін өзгертуге болады, сондықтан оны кез келген жас пен салмақта кеуде қуысында қолдануға болады".  

Сейед Хұсейни: "Бұл жасанды жүректің қарапайым және жаңашыл қызметі мен құрылымы бар. Ол істен шығу немесе жұмыс істемеу мүмкіндігін нөлге дейін азайтады",- деп сөзін жалғады. Бұл ирандық өнертапқыш былай деп мәлімдеді: "Бұл жүрек толығымен интеллектуалды түрде жобаланған және заманауи магниттік зарядтау жүйелерінің көмегімен зарядталып, Wi-Fi арқылы денсаулық сақтау жүйесі мен хирургиялық топқа қосылған және тәулік бойы бақылауда".

Сейед Хұсейни ирандықтардың бұл өнертабысының ақша табу үшін емес, оның мақсаты қайырымдылық пен адамдарға көмектесу екенін баса айтты.

 

Тегтер