Қаз 05, 2024 20:55 Asia/Almaty
  • Иранның Бразилияға экспорты 2,5 есе өсті

Иранның сауданы дамыту ұйымының Еуропа және Америка елдері бойынша бас директоры ИИР-ның Бразилияға экспортының 2,5 есе өскенін хабарлады.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының Еуропа және Америка елдерінің бас директоры Ахмад Фирузи Иранның БРИКС-ке мүше елдерге экспортының дамуына ықпал етуді баса айтып: "Иранның Бразилияға экспорты осы жылдың алғашқы бес айында 2,5 есе артып, 163 миллион долларға жетті",- деді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмад Фирузи Иранның БРИКС-ке мүше елдерге экспортының көлемі туралы: Өткен жылдың 12 айында Иранның Бразилияға экспорты 63 миллион доллар болды, биыл біз өсімге куә болып отырмыз",- деп айтты.

Фирузи одан әрі Иранның БРИКС-ке мүше болуының ең маңызды артықшылығының санкциялармен күресу екеніне тоқталып, былай деді: "Экономикалық және қаржылық ынтымақтастықты нығайту, жаңа даму банкіне кіру, мүше елдермен екіжақты және көпжақты сауда келісімдерін жасау және инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалану. Иран БРИКС-ке мүшеліктің басқа ұпайларының бірі".

Тегтер