14 жасар ирандық үстел теннисші БАӘ-дегі «Contender» халықаралық турнирінде екінші орын алды
(last modified 2024-10-16T14:41:27+00:00 )
Қаз 16, 2024 20:41 Asia/Almaty
  • 14 жасар ирандық үстел теннисші БАӘ-дегі «Contender» халықаралық турнирінде екінші орын алды

ParsТoday - Иранның ұлттық үстел теннисшісі БАӘ «Contender» жарысында екінші орынға ие болды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде әр елден келген спортшылардың қатысуымен 17 жасқа дейінгілер арасында үстел теннисінен Contender жарысы өтті. ParsТoday агенттігінің хабарлауынша, ирандық үстел теннисінің 14 жастағы өкілі Бенямин Фараджи осы жарыстың екінші жүлдесін жеңіп алды.

Фараджи бұған дейін осы турнирдің командалық бөлімінде әлемнің бірінші нөмірі қытайлық Вангты жеңген болатын.

Тегтер