Велаяти: Сирия сионизмге тосқауыл қоюда маңызды рол атқарып отыр
Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі: "Сирия сионизмге тосқауыл қоюда қарсыласу қозғалысының алдыңғы шебінде орналасуына байланысты бөгделер мен тәкфирліктердің шабуылдарының нысанасына айналып отыр" деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти бейсенбі күні Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласында өткен «Бүгінгі әлемдегі тәкфирлік ағымдардың қаупі» атты халықаралық екінші конгресте: «Ислам әлеміндегі қарсыласу тәкфирлік ағымдардың пайда болуына себеп болып отыр. Тәкфирліктер бүгінде Сирияда алшаң басып жүр. Дұшпандар Иран мен Палестина арасындағы байланысты үзуге және Израильдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін тәкфирліктердің негізін қалап, оларға қолдау көрсету арқылы Сирияны нысанаға алып отыр.
Американың кейбір бұрынғы қайраткерлері, соның ішінде осы елдің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Американың ИСИМ тобын құрып, оған қолдау көрсеткенін мойындап отыр» деді.