Maм 21, 2016 21:31 Asia/Almaty
  • Жаһангири: Ирандық дәрі шығару - үлкен мақтаныш

ИИР президентінің бірінші орынбасары әр екі айда жаңа бір дәрі шығаруды Иранның дәрі- дәрмек бөліміндегі үлкен мақтаныш және маңызды шаруа деп атады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда дәрі өнеркәсібінің жаңа жетістіктерін таныстыру рәсімінде сөйлеген сөзінде: "Ирандық ғалымдар қымбат бағамен Иранға енгізілетін обыр дерті және тағы да басқа аурулардың дәрілерін ішкі әлеуетке иек арту арқылы өндірді. Иран ғылыми әлеуетті және жас буынды мақтан тұтады, өйткені дәрі өндіру және де ғылым мен технология саласында маңызды әрекеттер жасалған.

Иранның экономикасы 8 пайызға өсуі үшін 20 жылдық бағдарламасы құжатында тиісті болжамдар жасалған. Иранның сауда балансы өткен жылы оң көрсеткішке ие болып, мұнайдан тыс тауарлардың экспорты импорттан бір млрд доллардан асып түсті" деді.

Тегтер