Арақчи: Газа мен Ливаннан кейін олар енлі Сирияға келді
ParsToday- Иран Сыртқы істер министрі Сириядағы соңғы өзгерістердің тек осы елмен шектелмейтінін айтып: «Сириядағы лаңкестік пен оқиғалар Ирактың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді», -деді.
Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Ирактың «Әл-Шарқия» желісімен сұхбатында Батыс Азиядағы оқиғалардың жылдам қарқынмен жүріп жатқанын, бұл көптеген сұрақтарға орын қалдыратынына тоқталып: «Барлық осы қарқынды өзгерістердің артында Америка мен Израиль режимінен бастау алған ойлау жатыр»,- деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арағчи былай деп қосты: «Газадан кейін олар Ливанға, енді Сирияға келді. Менің ойымша, бұл Сирияда тоқтамайды және бүкіл аймақ қауіп-қатерге ұшырауда».
Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында: «Сириядан бұрын қоқан-лоққылар тек сионистік режимге ғана тән болса, қазір тәкфиршіл лаңкестік топтардың қаупі де күшейіп, Сириядағы бұл қарулы топтардың БҰҰ тарапынан лаңкестік топ ретінде танылып, енгізілуі назар аударарлық»,- деп айтты.
Арақчи қазір лаңкестікпен күресеміз деген елдердің не үнсіз, не лаңкестерді қолдайтынын айтып: «Олардың ойынша, терроризмнің жақсы және жаман екі түрі бар, егер бұл лаңкестік олардың мақсатына сай болса, оны қолдайды, ал мүдделеріне қарсы болса, онымен күреседі»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Бокмальдағы оқиғалардың Сириядағы жағдайды қиындатып жатқанына тоқталып: «Өткелді жабудың көп әсері жоқ және қарсыласу топтары не істеу керектігін біледі»,- деп мәлімдеді.
Арақчи былай деп қосты: «Кейде лаңкестікпен бір жерде күресуге тура келеді, ал кейде шекарада онымен күресуге тура келеді, мұны істеудің әртүрлі жолдары бар».