Имам Хаменеи: Американың Сириядағы базалары сириялық жастардың аяғының астында қалады
ParsТoday- Ислам революциясының жетекшісі қасиетті мекен мен қарсыласуды қорғаған шәһидтердің жанұяларымен өткен кездесуінде Сирия бұл елдің халқына тиесілі және Сирия территориясының басқыншылары бір күні жалынды сириялық жастардың күші алдында шегінуге мәжбүр болатыны сөзсіз екенін қуаттады.
ParsТoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Революция жетекшісі имам Хаменеи сәрсенбі күні таңертең генерал Қасым Сүлейманидің шәһид болғанының бес жылдығы қарсаңында сардар жанұясы мен бір топ қарсылық шәһидтері мен қасиетті кесенелерді қорғаған шәһидтер жанұяларымен кездесуде Сирияда америкалық базалардың рет-ретімен салынуын тілге тиек ете отырып: «Агрессор бір ұлтқа тиесілі аумақты тастап кетуі керек, әйтпесе ол қуылады, сондықтан америкалық базалар міндетті түрде сириялық жастардың табанының астында қалады»,- деді.
Ол басқыншылардың Сирияда болуының жалғасуын мүмкін емес деп санап: «Сирия сол елдің халқыныкі және басқыншылар сириялық ынталы жастардың күші алдында күмәнсіз шегінуге мәжбүр болады»,- деді.
Имам Хаменеи сондай-ақ Сирия халқының ерте ме, кеш пе басқыншыларды жеңіп, Йемен, Палестина және Ливанның қарсыласуының жалғасуына тоқталып: «Ливан - қарсыласу символы және жараланғанымен, иіліп тағзым еткен жоқ және ақырында жеңеді, Йемен де қарсыласу символы және жеңеді. Құдай қаласа, ашкөз әрі қылмыскер Америка бастаған басқыншы дұшпандар аймақ халқынан бас тартып, қорлықпен аймақты тастап кетуге мәжбүр болады»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі қажы Қасым Сүлейманидің кейбір тұлғалық және мінез-құлық ерекшеліктерін де түсіндіріп: «Осы сипаттардан сабақ ала отырып, Сүлеймани мектебінің негізгі мақсаты – «Ислам мен Құранды жүзеге асыру» бағытына көшуіміз керек»,- деп сөзін жалғады.
Ислам революциясының жетекшісі 80-ші жылдардың басынан бері қажы Қасымның Американың Ауғанстан мен Ирактағы зұлымдықтарымен күресу саласында қатысуына тоқталып: «Американың бұл екі елді басып алудағы басты мақсаты Иран болды, бірақ сол абыройлы және адал адам Американың көрінетін ұлылығынан қорықпай алаңға шықты, ақырында сол басып алулар Американың жеңілуіне және сол қастандықтың залалсыздануына әкелді»,- деп мәлімдеді.
Имам Хаменеи америкалық ДАИШ-тың қастандықтарының жеңіліске ұшырауын қажы Қасымның далада жылдам, дер кезінде және батыл болуының басқа нәтижелерінің бірі деп атады және былай деді: «Тәкфирлік лаңкестікпен күресуде Ирак жастары сөздің шын мағынасында жарқырады, бірақ Сүлеймани өзінің бастамашылдығымен, батылдығымен және күшімен аймақтың өмірі мен өлімі тәуелді болған бұл қастандықтың жолын кесуде ерекше рөл атқарды».