Имам Хаменеи: "Ортақ қадам" тәжірибесі АҚШ-пен келіссөздер ешқандай мәселені шешпейтінін көрсетеді
(last modified Sat, 08 Feb 2025 11:03:13 GMT )
Ақп 08, 2025 17:03 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи:

ParsToday - Имам Хаменеи жұма күні таңертең Иранның әскери-әуе күштері ұшқыштары мен персоналының имам Хомейниге (р.а.) 1357 жылы 19-шы бахмандағы тарихи антының жылдығында Иран Ислам Республикасының Әуе күштері мен қорғаныс күштерінің бір топ қолбасшылары мен жеке құрамымен кездесуінде: «Америкамен келіссөздер жүргізу ақылды және абыройлы емес»,- деді..

Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде 19-шы бахманның тарихи күнін мақтан тұтатын, тәуелсіз және бірегейлікке негізделген армияның туған күні деп атады және 1390-шы жылдардағы Америка Құрама Штаттарымен 2 жылға жуық келіссөздердің нәтижесіз болған тәжірибесіне және Американың өзінің барлық міндеттемелерін бұзудағы әрекеттеріне тоқталып: «Америкамен келіссөздер ешбір мәселені, оның ішінде экономикалық және тұрмыстық қиындықтарды шешпейді. Ендеше, түйткілдердің шешімі «сенімді басшылардың  жігері мен бірлігі жарасқан елдің қолдауында» демекші, Алла қаласа, 22-ші бахманда  бұл ауызбіршілік пен жанашырлықты көреміз»,- деп айтты.

ParsToday ақпарат агенттігінің Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесінің ақпарат сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, имам Хаменеи Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің әлемнің барлық елдерімен келіссөздер жүргізу, қарым-қатынас орнату және келісімдер жасаудағы қажырлы еңбегіне тоқталып: «Бұл тұрғыдан жалғыз ерекшелік - Америка Құрама Штаттары. Әрине, біз сионистік режимді ерекшелік ретінде айтпаймыз. Өйткені бұл режим негізінен үкімет емес, жерді басып алған қылмыстық топ»,- деп мәлімдеді.

 

Ислам революциясының жетекшісі Американың келіссөздерден шеттетілуінің себебін түсіндірді:

«Кейбіреулер келіссөз үстеліне отырсақ, белгілі бір мәселе шешіледі деп сыңай танытады, бірақ біз дұрыс түсінуіміз керек шындық – Америкамен келіссөздердің елдің мәселелерін шешуге ешқандай әсері жоқ».

Имам Хаменеи 1390-шы жылдардағы АҚШ және бірнеше басқа елдермен жүргізілген келіссөздердің жағымсыз тәжірибесін АҚШ-пен келіссөздердің пайдасыз болуының дәлелі деп атады:

"Сол кездегі үкіметіміз олармен бірге отырды, келіссөздер жүргізді, күлді, қол алысып, дос болды және бәрі жұмыс істеді және Иран жағы үлкен жомарттықпен қарсы тарапқа көптеген жеңілдіктер берген келісім-шарт жасалды, бірақ американдықтар ол шартты орындамады".

ИИР Армиясы суӘуе күштері мен Әуе қорғанысы күштерінің бір топ қолбасшысының имам Хаменеимен кездесу 

 

Ол АҚШ-тың қазіргі президентінің "Ортақ қадам" келісімін жырту туралы сөзіне назар аударып, былай деді:

«Оның алдында шартты қабылдаған АҚШ-тың бұрынғы үкіметі келісімді орындамады, АҚШ-тың алынуы тиіс санкциялары жойылмады, БҰҰ мәселесі де әрқашан Иран үшін қауіп болып қала берді».

ИИР Армиясы Әуе күштері мен Әуе қорғанысы күштерінің бір топ қолбасшысының имам Хаменеимен кездесуі

 

Бұл кездесуде имам Хаменеи америкалықтардың әлем картасын өзгерту жолындағы күресіне тоқталып:

«Олардың бұл жұмысында шындық жоқ, тек қағаз жүзінде ғана. Әрине, олар да біз туралы пікірін айтып, сөйлеп, қорқытады».

Имам Хаменеидің ИИР Армиясы Әуе күштері мен Әуе қорғанысы күштерінің бір топ қолбасшысының имам Хаменеимен кездесуі

 

Ислам революциясының жетекшісі: «Егер олар бізді қорқытса, біз оларды қорқытамыз, егер олар өз қоқан-лоққысын орындаса, біз өз қоқан-лоқамызды орындаймыз, ал егер олар ұлтымыздың қауіпсіздігіне шабуыл жасаса, біз де ойланбастан олардың қауіпсіздігіне шабуыл жасаймыз»,- деп баса айтты.

ИИР Армиясы Әуе күштері мен Әуе қорғанысы күштері қолбасшыларының имам Хаменеимен жұма күнгі кездесуі

 

Ол Иранды қорғауды басты басымдық және армияны күшейтуді ең маңызды міндет деп атап: «Иран Ислам Республикасының армиясы адам күші, қару-жарақ, оқу-жаттығу, жауынгерлік және қорғаныс дайындығы тұрғысынан нығайып, әлсіздіктер мен ықтимал залалдарды жойып, күнделікті жаңашылдық пен жаңашыл өнімдер шығаруды жалғастырып, әлдеқайда үлкен істерге қол жеткізе алатынын дәлелдеу керек».

*1357 жылы 19 бахман (1979 жылы 8 ақпан) Әуе күштерінің бір топ ұшқыштары Теһрандағы Алави мектебінде Иран Ислам Республикасының ұлық негізін қалаушы Имам Хомейнимен (р.а.) кездесіп, шеру өткізу арқылы Имамды қолдайтындарын ресми түрде жариялады. Бұл кездесу және ант беру Америка саясаттарына бағынған Пехлеви режиміне соққы берді. Иран Ислам революциясы 1979 жылы 11 ақпанда (22 баһман 1357 жылы) Иран Ислам Республикасының ұлы негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.а.) басшылығымен жеңіске жетті.