Катар Әмірі мен онымен бірге келген делегациясы Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
(last modified Sat, 22 Feb 2025 10:31:01 GMT )
Ақп 22, 2025 16:31 Asia/Almaty
  • Катар Әмірі мен онымен бірге келген делегациясы Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі Теһранда қол жеткізілген келісімдердің екі елге де пайда әкелетініне және екі жақтың да бұрынғыдан да көршілік міндеттерін атқара алатынына үміт білдірді.

Сәрсенбі күні Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад бен Халифа әл-Тани және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде аятолла Хаменеи көршілермен қарым-қатынасты кеңейту Ислам Республикасының түпкілікті саясаты екеніне тоқталып: «Пезешкиан үкіметінің жариялаған саясаттарының бірі көршілерімен қарым-қатынасты кеңейту болып табылады және Алланың разылығымен бұл тұрғыда игі істер атқарылып, біраз ілгерілеушіліктерге қол жеткізілді, ал құрметті Сыртқы істер министрі Арақчи мырза бұл салада белсенді және қарқынды әрекеттенуде»,- деді.

Бұл кездесуде аятолла Хаменеи Катар әмірінің аймақтық мәселелерге қатысты мәлімдемелеріне де тоқталып: «Оңтүстік Кореядан Катарға жеткізілген Иран талаптарын қайтару сияқты әлі де түсініксіз және шешімін таппаған мәселелер бар болса да, біз Катар елін дос және бауырлас ел деп санаймыз және осы мәселеде АҚШ-тың осы келісімді жүзеге асыру жолындағы басты кедергі екенін білеміз»,- деп қосты.

Ол: «Егер біз Катардың орнында болсақ, Американың қысымын елемей, қарсы тараптың талаптарын қайтарар едік және Катардан мұндай әрекетті күтеміз»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі былай деп баса айтты: «АҚШ президенттері арасында ешқандай айырмашылық жоқ».

Президент Пезешкиан да қатысқан бұл кездесуде Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад бен Халифа Әл Тани Ислам революциясының жетекшісімен кездескеніне қуанышты екенін білдіріп, Ислам республикасының мазлұмға ұшыраған әлем халқы мен Палестина халқын қолдаудағы ұстанымын жоғары бағалап, Революция жетекшісіне: «Сіздің Палестина халқымен бірге болуыңыз ешқашан ұмытылмайды»,-деді. 

Катар әмірі аймақтағы нақты және қиын жағдайларға тоқталып, бұл шарттарды аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуді талап етеді деп санады.

Шейх Тамим бен Хамад бен Халифа Әл Тани мырза сондай-ақ Иран мен Катар арасындағы қол жеткізілген келісімдерге, соның ішінде екі ел арасындағы су асты тоннелінің құрылысына тоқталып: «Қол жеткізілген келісім негізінде екі ел арасындағы бірлескен комиссия жақын арада іске қосылып, алдағы уақытта экономикалық алмасу көлемі артады»,-деді.