Иран тұқымының әлемге танымал болуының себебі неде?
ParsToday - Иранның 6-шы Тұқым ғылымы мен технологиясы конференциясы Керманда өтті.
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі 6-шы Иранның Тұқым ғылымы және технологиясы конференциясына жолдауында қоршаған ортаның өзгерістеріне төзімді модификацияланған тұқымдар өндіру негізінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және соңғы нәтижелер мен заманауи технологиялар арқылы тұқым шаруашылығына инвестиция салуды дамытуды қуаттады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі Хұсейн Симаи жолдауында: «Иранның заманауи тұқым технологиялары, соның ішінде алдыңғы қатарлы генетика мен селекция, биотехнологиялар және тұқым шаруашылығын ақылды басқару саласындағы ғылыми жетістіктері климаттың өзгеруінің қиындықтарын шешу және ауылшаруашылық өнімділігін арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер туғызды»,- деді.
Иранның тұқым өндірудегі құнды қуаттары
Иранның Керман қаласындағы Шәһид Бахонар университетінің басшысы Хұсейн Незамабадипур де осы конференцияда тұқым шаруашылығы саласында отандық құнды қуаттардың бар екеніне тоқталып: «Өсімдік шаруашылығы саласында Иран университеттері мен жоғары білім орталықтары ғылыми мекемелермен бірлесіп, асыл тұқымды және табиғи өнімді өсіру саласында кең ауқымды зерттеулер жүргізіп, оның нәтижесін көрсетті», - деді.
Иран 5 елге тұқым экспорттайды
Бұдан бұрын Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрлігі астық және негізгі өнімдер істері басқармасының бас директоры Фарамк Азиз Карими: «Түрлі ирандық тұқымдар әлемнің 5 еліне экспортталады. Елдегі тұқым өндірісінің 98 пайызы ирандық зерттеушілер арқылы Иранның ішінде өндіріліп, сатылады»,- деп қосты.
Иранның ауылшаруашылық қауымдастығына 950 жаңа өсімдік және бау-бақша тұқымының сорттарын таныстыру
Иранның Тұқым және көшеттерді тіркеу және сертификаттау ғылыми-зерттеу институтының басшысы Мұхаммад Хасан Осаре Теһрандағы Ұлттық сортты енгізу комитетінің отырысында былай деді: «Соңғы 10 жылда ауылшаруашылық және бау-бақша тұқымдарының 950 жаңа сорттары Ұлттық енгізу комитетінің техникалық бағалау процесінен өткен соң мақұлданды. Жақында Иран тұқым және көшет өсіру және өндіру ғылыми-зерттеу институтының зерттеушілері пинто бұршақтың төрт жаңа түрі, қызыл бұршақтың бір жаңа түрі және ақ бұршақтың бір жаңа түрін енгізіп, олардың атаулары Иранның өсімдік сорттарының ұлттық тізіміне қосылды. Бұл сорттардың барлығы алдыңғы сорттардан жоғары және ауруға жақсы төзімді».
Иранда тұқым таситын Технопот өнімін таныстыру
Иранның 6-шы Тұқым ғылымы және технологиясы конференциясы аясында «Технопот» тұқым тасымалдаушы өнімі (құрғақ және сортаң топыраққа тұқым егу) таныстырылды.
Иранның өсімдік өсірудегі жүз жылдық тәжірибесін Суданға беруге дайындығы
Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрі Ғоламреза Нури Теһранда Суданның Сыртқы істер министрі Әли Юсуф Ахмад әл-Шарифпен кездесуінде: «Иран судандық зерттеушілерге өсімдік өсіру саласындағы жүз жылдық зерттеулерінің нәтижелерін беруге дайын және сонымен қатар инженерлік компанияларды Суданға жеткізу мүмкіндігін беруге де болады»,- деді.