Қасиетті қорғаныс дәуіріндегі ирандық христиандардың атқарған рөлінен монотеистік діндердегі ораза философиясын зерттеуге дейін
ParsToday - Иранның Урумие қаласындағы Шығыс Ассирия шіркеуінің пасторы діни азшылық өкілдерінің Иранның сот билігінің басшысымен кездесуінде: «Ирандық христиандар жұмсақ соғысқа қарсы тұру үшін майданға шықты»,- деді.
Урумие Шығыс Ассирия шіркеуінің пасторы Дариавуш Азизиан өткен бейсенбі күні сот билігінің басшысы, бір топ діни қызметкерлер, діни оқу орындары шәкірттері және Иранның Батыс Әзірбайжандағы діни азшылық өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде Иран-Ирак соғысы және Ирактағы Баас режимі кезінде ирандық христиандардың маңызды рөліне тоқталды. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Азизиан былай деп қосты: «Ирандық христиандар өздерінің мұсылман отандастарымен иық тірестіре отырып, шекаралар мен туған жердің қасиеттілігін қорғауда шынайылық пен сеніммен рөл атқарды, тіпті соғыс аяқталғаннан кейін де елді қалпына келтіру мен дамытуда және дұшпандардың жұмсақ соғысына қарсы тұруда атсалысты».
Азизиан былай деп айтты: «Ирандық христиандар өз ресурстарын пайдалану арқылы дұшпанның мәдени және психологиялық қастандықтарына қарсы тиімді әрекет етіп, әрқашан Ислам Республикасы мен Иран халқының жағында екенін көрсетті».
Ислам және басқа монотеистік діндердегі оразаның мақсаттары мен философиясы
Иран діни оқу ооындары мен университет ұстазы Мұхаммад Хаери Ширази Исламдағы және басқа да илаһи діндердегі ұстаным, мақсаттар мен философия туралы: «Исламдағы ораза негізгі ғибадаттардың бірі және діннің бес парызының бірі болып саналады»,- деді.
Ораза иудаизмде де маңызды ғибадат түрі болып саналады және әртүрлі жағдайларда, соның ішінде Йом Киппурда немесе Кафаре күні де сақталады. «Ұлы оразаның қырық күні» христиандықтағы ең маңызды ораза кезеңдерінің бірі болып табылады, ол Пасхаға рухани дайындық болып саналады. Бұл кезеңде христиан дініндегілер кейбір тағамдарды, сусындарды немесе дүниелік ләззаттарды тұтынудан бас тартады.
Ирандағы ең үлкен апельсин фестивалін өткізу
Иранның ең ірі апельсин фестивалі 10 эсфандта Шираздағы зороастризм діни, мәдени және спорт кешенінде өтті.