Путиннің Пезешкианға арнаған Наурыз мерекесімен құттықтауында: Иран – Ресейдің сенімді досы және жақсы көршісі
(last modified Thu, 20 Mar 2025 12:57:44 GMT )
Нау 20, 2025 18:57 Asia/Almaty
  • Путиннің Пезешкианға арнаған Наурыз мерекесімен құттықтауында:  Иран – Ресейдің сенімді досы және жақсы көршісі

ParsToday - Ресей президенті ИИР-ның президентіне жолдауында оны Наурыз мерекесімен және Жаңа жылмен құттықтап, Иранның Ресейдің сенімді досы және жақсы көршісі екенін мәлімдеді.

Наурыз – ирандық тамыры бар ежелгі мереке, ол көптеген елдерде күн жаңа жылының басында тойланады. ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Масуд Пезешкианға Наурыз мерекесіне арналған құттықтау жолдауында: «Иран Ресейдің сенімді досы және жақсы көршісі, екі елдің игілігі үшін және аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жолында жан-жақты стратегиялық серіктестік негізіндегі қарым-қатынастарды дамытуды жалғастырамыз»,-деп баса айтты.