Арақчи: Иран-Ресей қарым-қатынастары мықты әрі стратегиялық
(last modified Sat, 19 Apr 2025 10:37:41 GMT )
Сәу 19, 2025 16:37 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран-Ресей қарым-қатынастары мықты әрі стратегиялық

ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи ресейлік әріптесімен кездесуінде Иран-Ресей қарым-қатынастарын өте күшті және Мәскеуді Иранның негізгі және стратегиялық серіктесі деп санады.

ParsToday Иранның Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи жұма күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінде ресейлік әріптесіне қонақжайлылығы үшін алғыс айтып: «Кеше мен Владимир Путинмен өте жақсы әрі ұзақ кездесу өткіздім және оған Ислам революциясы жетекшісінің жазбаша жолдауын тапсырдым. Бұл әрі Путинге жолдау, әрі бүкіл әлемге Иранның Ресейді өзінің негізгі және стратегиялық серіктесі санайтыны және маңызды мәселелерде кеңесетіні туралы жолдау болды»,- деді.

Сейед Аббас Арақчи: «Иран мен Ресейдің қарым-қатынастары олардың тарихында бұрын-соңды мұндай жақын әрі күшті болмаған шығар. Жақында біз Иран-Ресей қарым-қатынасының өлшемдерін әлдеқайда жоғары деңгейге дейін кеңейтетін жан-жақты стратегиялық келісімге қол қойдық»,- деп қосты.

Иран Сыртқы істер министрі де ресейлік әріптесімен ортақ баспасөз мәслихатында Ресей президенті және Сыртқы істер министрімен өткен келіссөздерді сындарлы деп атап: «Алдағы оқиғалар Теһран мен Мәскеу қарым-қатынастарына әсер етпейді»,- деді.

Ол санкцияларға қарамастан Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы өркендеп келе жатқанын баса айтты.

Арақчи сондай-ақ Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздер туралы: «Америкалық тараптың уәждеріне қатысты үлкен күмәніміз болғанымен, олар іске аспайтын талаптар қоймаса, келісімге келу мүмкін»,- деді.

Лавров сондай-ақ баспасөз мәслихатында Ресейдің Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздерді қолдайтынын және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты заңды мүдделерінің ескерілуі керектігін баса айтты.