Иран өткен жылы 7,4 миллион шетелдік туристі қабылдады
(last modified Wed, 30 Apr 2025 11:04:48 GMT )
Сәу 30, 2025 17:04 Asia/Almaty
  • Иран өткен жылы 7,4 миллион шетелдік туристі қабылдады

ParsToday - Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігінің Туризм саласындағы орынбасары: «Өткен жылы Иран 7 миллион 400 шетелдік туристті қабылдады»,- деп айтты.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігінің Туризм саласындағы орынбасары Ануширван Мохсени Бандпай сейсенбі күні Теһрандағы «Бизнестен-бизнеске» (B2B) отырысында Иранның қауіпсіздік коэффициенті жоғары бейбітшілікті сүйетін ел ретінде туризмді дамытуды көздеп отырғанын айтты. Ол: «Еліміздің жетінші даму жоспары заңына сәйкес, алдағы төрт жылда шетелдік туристер саны 15 миллионға дейін артуы тиіс және осыған байланысты 2500 жоба жүзеге асырылуда, оның 500-і қонақүй құрылысы жобалары», - деп қосты.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігінің Туризм саласындағы орынбасары: «Иранда 30-дан астам халықаралық әуе компаниясы белсенді және 3000 экологиялық туристік демалыс орны Иранның тартымды және ауылдық аймақтарында орналасқан»,-деп қосты.

Мәдени мұра министрлігі Туризм саласындағы орынбасары: «Белсенді туроператорлар елдің дәл және шынайы бейнесін ұсыну арқылы Иранның сұлулығын, қауіпсіздігін және қонақжайлылығын әлемге таныта алады»,- деді. Мохсени Бандпай былай деп қосты: «Иран табиғи ресурстар мен туристік тартымдылық тұрғысынан әлемнің ең үздік 10 елінің қатарына кіреді және оның 28 материалдық және 26 материалдық емес мұрасы ЮНЕСКО-ның тіркеуінен өтіп, Иранды туристік орынға айналдырды».

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрлігі Туризм министрінің орынбасары былай деп баса айтты: «Туризм халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара әрекеттестік құралы. Адамдардың қарым-қатынасқа деген құштарлығы бар, ал туризм мұны жеңілдетеді және халықтар арасындағы терең және тікелей түсіністікке әкеледі».