Венесуэла ғылым министрінің орынбасары: Біз Иранның санкцияларды прогрестің қозғалтқышына айналдыру жолын үйренгіміз келеді
(last modified Mon, 05 May 2025 12:32:02 GMT )
Maм 05, 2025 18:32 Asia/Almaty
  • Венесуэла ғылым министрінің орынбасары: Біз Иранның санкцияларды прогрестің қозғалтқышына айналдыру жолын үйренгіміз келеді

ParsToday - Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы және Венесуэла Ғылым министрінің орынбасары ядролық өнеркәсібі саласындағы технологиялық ынтымақтастықты дамытуды қуаттады.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның Атом Қуаты Ұйымының вице-президенті әрі басшысы Мұхаммад Ислами Венесуэла ғылым вице-министрі Альберто Кинтеро және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде екі елдің жаһандық үстемдікке қарсы күресінің ортақ тұстарына тоқталып: «Венесуэла Иран халқына ұқсайды. жауларының қастандықтарына қарамастан тәуелсіздік пен прогресс жолында абыроймен жүріп келеді»»,- деп баса айтты.

Иран Атом Қуаты Ұйымының басшысы: «Бүгінде үстемшіл режим жалған сылтаулар арқылы тәуелсіз елдердің ілгерілеуіне кедергі жасауда, бірақ саналы ұлттардың еркін сындырмайды»,- деді.

Ислами сондай-ақ АҚШ-тың қысым көрсетуші санкцияларына қарамастан Иранның ядролық энергетика саласындағы тамаша жетістіктеріне тоқталып: «Иран мен Венесуэланың технологиялық ынтымақтастығы АҚШ пен оның одақтастарының бұзақылығына қарсы әділдік іздеуші елдердің бірлігінің үлгісі болып табылады»,- деп айтты.

Венесуэла ғылым министрінің орынбасары сондай-ақ Иранның АҚШ-тың санкцияларын бейтараптандырудағы құнды тәжірибелеріне ризашылығын білдіріп: «Венесуэла үкіметі ядролық энергия, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнеркәсіп салаларында өзін-өзі қамтамасыз етуді шешті, сонымен қатар Иранның санкциялар аясындағы ең сәтті үлгідегі қысымның ілгерілеуші ​​күшке айналуын қалайды» деді.