«Бейт ал-Мұқаддас» жаттығуында Иран армиясы жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті
https://itolqyn.com/news/iran-i8050-Бейт_ал_Мұқаддас_жаттығуында_Иран_армиясы_жетістіктерінің_тұсаукесер_рәсімі_өтті
Иранның орталық аймақтарында ислам республикасы армиясы құрлық күші жаттығуының екінші күні «Пурия» және «Фалақ» деп аталатын өте ауыр салмақты екі танктің тұсаукесер рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 23, 2016 22:43 Asia/Almaty
  • «Бейт ал-Мұқаддас» жаттығуында Иран армиясы жетістіктерінің тұсаукесер рәсімі өтті

Иранның орталық аймақтарында ислам республикасы армиясы құрлық күші жаттығуының екінші күні «Пурия» және «Фалақ» деп аталатын өте ауыр салмақты екі танктің тұсаукесер рәсімі өтті.

Ислам республикасы армиясы құрлық күшінің «Бейт ал-Мұқаддас» жаттығуы жаяу, механизм, әуе десанты бөлімшелері мен армияның әуе күші қырғи ұшақтарының қатысуымен жексенбі күні 1984 жылдың мамыр айында Хоррамшаһрды азат етудің жылдығына байланысты Исфахан аймағында басталды. Жаттығу сейсенбіге дейін жалғасады. Кез- келген қоқан-лоққыға тосқауыл қою және аймақ халқының барлығын бейбітшілік әрі тыныштықпен қамтамасыз ету үшін толық дайындық осы жаттығудың мақсаты деп жарияланды.