Иран Президенті: ИИР бейбіт мақсаттағы ядролық энергия құқығынан ешқашан бас тартпайды
(last modified Mon, 19 May 2025 11:00:13 GMT )
Maм 19, 2025 17:00 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: ИИР бейбіт мақсаттағы ядролық энергия құқығынан ешқашан бас тартпайды

ParsToday - ИИР Президенті Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудағы ажырамас құқығына тоқталып, Батыстың қос саясаттарын айыптап: «Иран Ислам Республикасы исламдық бірлік пен аймақтық ынтымақтастыққа сүйене отырып, даму жолын жалғастырады»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні түрлі елдердің ресми тұлғалары мен дипломаттарының қатысуымен өтіп жатқан Теһран диалог форумында Иранның бейбіт ядролық қуатқа қол жеткізу құқығын қуаттап: «Иран ешбір жағдайда бұл даусыз құқығынан бас тартпайды»,- деді.

Пезешкиан елдердің құқықтарымен қарым-қатынастағы халықаралық сәйкессіздіктерге тоқталып: «Иран Ислам Республикасы халықаралық шарттар мен NPT-ге сәйкес ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалануға құқылы. Кейбір елдер басқа елдердің ғылыми прогресіне кедергі жасауға құқылы ма»?

Иран Президенті сондай-ақ сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына тоқталып, палестиналықтардың өлтірілуіне қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігін сынап: «Егер ислам елдері біріксе, ешбір күш аймақ халықтарының құқықтарын бұза алмайды»,-деді.

Пезешкиан АҚШ-тың Иранға қарсы қысым көрсетуші санкцияларына тоқталып: «Иран әділдік пен бейбітшілікті көздейді, бірақ өз құқығынан бас тартпайды»,- деп баса айтты.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық зерттеулер орталығы жексенбіден (18 мамыр) бастап екі күн бойы Теһран диалог форумын өткізуде. 53 елдің жоғары лауазымды тұлғалары, Парсы шығанағы елдерінің министрлері мен шешімдер қабылдаушы өкілдері және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері бар 200 делегацияның қатысуымен бұл форум бейресми дипломатия үшін маңызды платформа болып табылады.