Пезешкиан: Ішкі бірлікпен Америка пайдалану мүмкіндігін таппайды; Адмирал Сайяри: Дұшпан Иранға қатысты қателесті
(last modified Tue, 27 May 2025 10:27:47 GMT )
Maм 27, 2025 16:27 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Ішкі бірлікпен Америка пайдалану мүмкіндігін таппайды; Адмирал Сайяри: Дұшпан Иранға қатысты қателесті

ParsToday - Иран президенті: «Ішімізде бірлік пен жанашырлық бар екенін көрсе, американдықтар біздің жағдайымызды өз мүддесіне пайдалана алмайды» деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан жексенбі күні түстен кейінгі үкімет отырысында Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің Иран мен Америка арасындағы жанама келіссөздердің бесінші раунды туралы баяндамасына жауап ретінде: «Егер америкалықтар біздің ішімізде бірлік пен жанашырлық бар екенін көрсе, олар біздің жағдайымызды өз мүддесіне пайдалана алмайды»,- деді.

 

Адмирал Сайяри: Дұшпан Иранға қатысты қате есеп жасады

ИИР армиясының үйлестірушісінің орынбасары адмирал Хабиболла Сайяри жексенбі күні Мешхед қаласындағы Фердоуси университетінде өткен «Тустан Хоррамшаһрға эпикалық байланыс» рәсімінде: «Дұшпан Иранды әлсіретіп кетті деп ойлады, бірақ қате есептеді. Хоррамшахр дастанын еске түсіру арқылы біз дұшпандарға сыналғандарды сынау қате екенін мәлімдейміз»,- деді. Ол: «Біздің дұшпандарға айтатынымыз: Иран жастары майданда болғанша, біз жеңіске жетеміз. Бүгінде қарулы күштер Иранның жастарының мықты жақтастары болып табылатынын және кез келген дұшпанға қарсы тұратынын мақтан тұтады»,- деп айтты.

 

Бақаи: «Уақытша келісім» жоспары келіссөздерде көтерілген жоқ

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи дүйсенбі күні таңертең өткізген апта сайынғы баспасөз мәслихатында Теһран мен Вашингтонның уақытша келісім түріндегі келіссөздер үшін негіз табуды қалайтыны туралы кейбір БАҚ-тың болжамы туралы, бұл мәселе келіссөздер барысында көтерілді ме деген сұраққа жауап берді. Ол: «Уақытша келісім біздің күн тәртібімізде ешқашан болған емес, тиісінше, бұл келіссөздердің осы раундында көтерілген жоқ», - деді.