Maм 24, 2016 15:47 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі талпыныс пен табандылық таныту қажеттігін баса айтты

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Хоррамшахр қаласының "баастық" басқыншылардан азат етілген күнінің 34-ші жылдығымен бір мезгілде Ислам революциясы Сақшылар корпусының әскери университеті түлектерінің оқуды аяқтау рәсіміне қатысты.

Ислам революциясының жетекшісі осы рәсімде сөйлеген сөзінде «үлкен джиһад» деп аталатын құрандық және исламдық қисынды табандылық таныту және үстемшілдердің майданына мойынұсынбау деп түсіндіріп, мұның ИИР жүйесіндегі талаптарына тоқталды. Әрбір революцияның жоғары құндылықтарын есте сақтау үшін қажетті нәрсе – кадр дайындау және осы құндылықтарды қоғамның жаңа буынына жеткізу. Иран Ислам революциясы да осы ережеден тысқары емес. Революциялардың құндылықтарының бірнеше онжылдық өткеннен кейін ұмытылып кетуінің бір дәлелі – таңдаулылардың (зиялылардың) осы құндылықтардан алшақтауы және келешекке кадр дайындамауда. Саяси, әскери және мәдени тұрғыдан Ислам революциясын қорғау мақсатында құрылған Сақшылар корпусы әртүрлі ғылыми және әскери салаларда жастарды оқыту үшін көптеген оқу орталықтары мен университеттер ашты.

ИИР-ның негізін қалаушы имам Хомейни (р.) мен хазірет аятолла Хаменеи кез-келген істе Аллаға иек арту қажеттігін баса айтқан. Олар 8 жылдық таңылған соғыс барысында, әсіресе Хоррамшахр қаласын азат етуде жастардың жетістіктерге жетуінің сырын Аллаға тәуекел етуде жатыр деп санайды. Имам Хомейни (р.) Хоррамшахрдың Саддам режимі басқыншыларының қолынан азат етілгенінен кейін тарихи сөз сөйлеп: «Хоррамшахрды Алла азат етті»,-деді. Хазірет аятолла Хаменеи де Сақшылар корпусының әскери университетінің түлектері алдында дұшпандарға қарсы тұрып, табандылық танытудың бір үлгісін Аллаға тәуекел ету деп атады. Ислам революциясының жетекшісі үстемшіл күштердің соңғы 37 жылдың ішінде әртүрлі құралдар мен қастандықтарды қолданғанымен ислам революциясын жеңіліске ұшырата алмағанына тоқталып, мұны Аллаға тәуекел етіп, табандылық таныту мен талпыныс жасау қисынын ұстанудың айқын үлгісі деп атады. Хазірет аятолла Хаменеи үстемшілдер майданына қарсы тұруды «теңсіз соғыс» деп атап: «Бұл теңсіз соғыста екі тарап та қарсы жақта жоқ қабілеттер мен күш-қуат көзіне ие»,-деді.

Ирандық жас жауынгерлер 8 жылдық Қасиетті қорғаныста Шығыс пен Батыс блоктарына жататын 58 ел тарапынан саяси, әскери, қаржылай және ақпараттық қолдауға ие болған армиямен соғысты. Парсы шығанағының шейхтері Саддам режиміне 70 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек берді. Иран жастары таңылған соғыста теңсіз соғыстағы жеңістің үлгісін көрсетті. Олар Аллаға тәуекел етіп, ақиқат майданының жалғанды жеңетіндігіне сеніп, Саддамның «баастық» режиміне жеңілістің ащы дәмін таттырды. Осы жеңілістің шарықтау шегі Хоррамшахрдың азат етілуі болды. Теңсіз соғыс 8 жылдық таңылған соғыспен аяқталмады. Революцияның дұшпандары және солардың басында тұрған АҚШ саяси-экономикалық, мәдени салаларда Ислам революциясына соққы беруді көздеп келеді. Ирандық жастар осы теңсіз соғыста қазіргі заман ғылымы мен технологиясы саласында үлкен жетістіктерге жетті. Хазірет аятолла Хаменеи әртүрлі салалардағы осы теңсіз соғысты «үлкен джиһад» деп атап: «Қазіргі таңда Иранға қарсы дәстүрлі қалыптағы әскери соғыстың басталу ықтималдығы өте төмен, бірақ джиһад мәселесі әлі бар. Құрандық және исламдық қисынға негізделген бұл үлкен джиһад дінсіздер мен Аллаға серік қосушылармен күресу, оларға бағынбау дегенді білдіреді»,-деді. Ислам революциясының жетекшісі үлкен джиһадтың саясат, экономика, мәдениет пен өнер салаларында көрініс табатынын айтып: «Осы салалардың барлығында дінсіздер мен Аллаға серік қосушыларға жақтасудың орнына ислам мен Құран негізіндегі жұмыс бағдарламаларын ұстану қажет»,-деп қуаттады.

Тегтер