Иран президенті Оманның Иранның АҚШ-пен жанама келіссөздеріндегі сындарлы рөлін жоғары бағалады
(last modified Wed, 28 May 2025 10:19:41 GMT )
Maм 28, 2025 16:19 Asia/Almaty
  • Иран президенті Оманның Иранның АҚШ-пен жанама келіссөздеріндегі сындарлы рөлін жоғары бағалады

ParsToday - Иран президенті Оман Сұлтанатының Иран мен Америка арасындағы жанама келіссөздер үдерісіндегі белсенді және сындарлы рөлін жоғары бағалай отырып, келіссөздердің жақсы нәтижелерге әкелетініне үміт білдірді.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран президенті Масуд Пезешкиан Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ әл Саидпен кездесуінде Иранның Оманмен барлық салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге дайын екеніне тоқталып: «Екі елдің де бір-бірінің және аймақтағы басқа ұлттардың игілігі мен ілгерілеуі үшін пайдалануға болатын мүмкіндіктері бар»,-деп қосты.

Пезешкиан сионистер басып алған Палестина жерлеріндегі соғыстың жалғасуы мен қиын жағдайларға тоқталып, Оман Сұлтанатының Палестина халқын қолдаудағы айқын ұстанымдарын жоғары бағалады.

ИИР Президенті сондай-ақ Иранның Оманмен қаржы, ғылым, білім, технология және әсіресе медицина салаларында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігіне тоқталып: «Теһран мен Маскат әртүрлі салаларда сындарлы екіжақты қарым-қатынасқа ие бола алады»,- деді.

Пезешкиан Оманның Иранның сыртқы саясатындағы стратегиялық ұстанымына тоқталып: «Иран Ислам Республикасы Оманға толық сенім артады және бұл сенім екі жақтың да қарым-қатынастарды нығайту және түсіністікті жалғастыру жауапкершілігін ауырлатады» деді.

Сұлтан Хайсам бин Тариқ та Иран Ислам Республикасының жоғары мәртебелі делегациясының Маскатқа сапарын құптап: «Егер екі елдің саудагерлері үшін белсенділік жолы ашылса, екі елдің қарым-қатынасында мағыналы серпіліс жасалады»,-деді.

Оман сұлтаны екі елдің қазіргі қауіпсіздік және әскери қарым-қатынастарына тоқталып: «Иран Ислам Республикасының жетістігі аймақ елдерінің табысы болып табылады және Оман Иранмен, әсіресе, әскери салалар мен ортақ мүдделердегі кез келген ынтымақтастықты қолдайды»,-деп айтты.

Иран президенті Масуд Пезешкиан сейсенбі күні Оман королі Хайсам бен Тариқ әл Саидтың ресми шақыруымен екі күндік сапармен Маскатқа келді.