Иран мен Венесуэла арасындағы сауда ынтымақтастығындағы ілгерілеушілік
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Каракастағы елшісі бейсенбі күні Венесуэланың Сыртқы сауда министрімен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-саттықтың өсуіндегі ілгерілеушілікті талқылады.
Али Чегни өзінің Instagram-дағы парақшасында Венесуэла Сыртқы сауда министрі Коромото Годоймен кездесуде «сауда және оның тұрақты өсуін жалғастыру жолдары» саласындағы қол жеткізілген жетістіктер қарастырылғанына тоқталды.
Венесуэла Сыртқы сауда министрінің де Instagram-дағы жолдауында: «Иран мен Венесуэла стратегиялық одақтастар және олардың халықтары бір-бірін бауыр санайды» леп айтылды.
Мәлімдемеде сондай-ақ екі елдің бір-бірін экономикалық толықтыруы және олардың «тәуелсіз және азаттық дамуға деген ортақ көзқарасы» ерекше атап өтілді.