Пезешкиан: Біз Израильге тағы да шабуыл жасауға дайынбыз; Иран қоқан-лоққыны қабылдамайды
ParsToday - ИИР президенті Теһранның сионистік режимнің кез келген әскери әрекетіне дайын екенін баса айтты.
ИИР президенті Масуд Пезешкиан «Әл-Жазира» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында ел күштері басып алынған жерлердің тереңдігін тағы бір рет нысанаға алуға дайын екенін айтты.
ParsТоday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пезешкиан: «Біз Израильдің кез келген әскери әрекетіне дайынбыз. Бұл режим бізге соққы берді және біз оған күшпен қатты соққы бердік. Бірақ олар өздерінің құрбандарын жасырып отыр",- деп қосты.
Ол: «Израиль хаос жасап, үкіметті талқандау арқылы Иранды өзгертуге, бөлуге және жоюға тырысты, бірақ ол сәтсіздікке ұшырады. Иранға сіңіп кетулер болғаны күмәнсіз, бірақ оның шешуші факторы Америка технологиясы мен оның мүмкіндіктерін пайдалану болды»,- деді.
Біз атысты тоқтатудың нақтылығына сенбейміз
Иран президенті: «Біз соғысты қаламаймыз, бірақ біз атысты тоқтатудың нақты болуына сенбейміз және өзімізді күшпен қорғаймыз. Израиль біздің зымырандық соққыларымыздың сәттілігі туралы кез келген әңгімеден аулақ, бірақ режимнің соғысты тоқтатуға шақыруы көп нәрсені ашады»,- деді.
Ол сөзін жалғастырып: «Иран берілмеді және берілмейді. Бұл барлығына түсінікті, бірақ біз дипломатия мен диалогқа сенеміз. Аймақтық елдер ешқашан Иранға қатысты соңғы соғыс кезіндегідей қолдаушы позиция ұстанған емес»,- деді.
Иран жерінде уран байыту жалғасады
Пезешкиан Иранның ядролық қаруға ие болуына қарсылығын қуаттай отырып: «Бұл біздің саяси, діни, гуманитарлық және стратегиялық ұстанымымыз. Иран жеріндегі уранды байыту халықаралық заңдар аясында алдағы уақытта жалғасады»,- деді.
Ол: «Кез келген болашақ келіссөздер ұтыс-жеңіс логикасына негізделуі керек және Иран қоқан-лоққылар мен бұйрықтарды қабылдамайды. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қаруға ие болмауы керектігін және біз мұны Трамптың сөздері үшін емес, Ислам революциясы жетекшісінің пәтуасы үшін қабылдаймыз деді. Иранның ядролық бағдарламасы аяқталды деу – елес. Иранның ядролық мүмкіндіктері нысандарда емес, ғалымдарымыздың санасында»,- деп айтты.
Катар Иранның бауыры
ИИР Президенті Теһранның Катардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әуе базасына шабуылына қатысты: «Біз Катарға шабуыл жасаған жоқпыз және жасай алмаймыз. Бұл ел біздің бауырымыз және оның халқы біздің бауырларымыз және Иран оларды барлық жағынан қолдайды. Біз Катарға шабуыл жасаған жоқпыз, Иранды бомбалап жатқан америкалық базаға шабуыл жасадық. Мен катарлықтардың болған оқиғаға қатысты сезімі мен ұстанымын түсінемін, сондықтан мен Катар Әмірі ағаммен телефон арқылы сөйлестім. Біздің Катар еліне деген ниетіміз игі, бауырлас, біз оларға кез келген салада көмектесуге дайынбыз»,- деді.
Пезешкиан өз өміріне жасалған қастандыққа қатысты: «Бұл оқиға Израильдің Иранның әскери шенеуніктерден кейін саяси қайраткерлеріне қастандық жасау әрекетінің бір бөлігі» деді.