Лариджани Иранда заңның орындалуын қуаттады
(last modified Tue, 24 May 2016 16:38:45 GMT )
Maм 24, 2016 22:38 Asia/Almaty
  • Лариджани Иранда заңның орындалуын қуаттады

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: "Заң ислам республикасында ең маңызды мәселе болып табылады" деді.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани 9-шы мәжілістегі өзінің соңғы баяндамасында: «9- шы мәжіліс күрделі жағдайды бастан өткеріп, рөл атқарды.

Ядролық келіссөздер, аймақтық дағдарыстар, экономикалық қиыншылықтар мен басқа да көптеген мәселелер 9- шы мәжіліс кезінде орын алып жатты. Мемлекет пен революция да осы кезеңде кемелдікке жетудің жолын өткеріп жатты. Мәжіліс осы кемелдік әрекеттің діңгектерінің бірі болды.

Революциядан кейінгі мәжілістер астамшылдар мен залым бөгделердің зорлық- зомбылығы алдында халыққа қалқан болып, революцияның армандарын қорғады. Американың ядролық тақырыпта проблема тудыруында да, халықаралық және аймақтық мәселелерде де халықтың құқығын революциядан кейінгі мәжілістер қорғады» деді.

Заң шығару билігінің төрағасы Иран ислам кеңесі мәжілісінің Америкадан өтемақы талап ету жөніндегі таяудағы шешіміне сілтеме жасап: «Мәжіліс пен депутаттардың мәртебесі, сондай- ақ депутаттардың халықпен байланысы революциядан кейін шынайы өзгеріске ие болды» деді.