Иран Сыртқы істер министрі: Snapback-ты іске асыру АҚХА-мен келісімді жарамсыз етеді
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі былай деп ескертті: «Snapback механизмі жүзеге асса, Иран мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі арасындағы ынтымақтастық келісімі жарамсыз болып, Ислам Республикасы тиісті жауап береді».
БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысу үшін дүйсенбі күні Нью-Йоркке келген Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Иранның Бас ассамблеяға қатысуының маңыздылығына тоқталып: «Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығымен сәйкес келуі және Иранның сионистік режим мен АҚШ шабуылынан кейінгі алғашқы қатысуы биылғы жылғы отырысының екі маңызды ерекшеліктері болып табылады»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арақчи Иранның БҰҰ Бас ассамблеясында Иран халқының 12 күндік қасиетті қорғаныстағы қарсыласуының заңдылығы мен ядролық бағдарламасының бейбіт сипатын талап ететінін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ соңғы оқиғаларға қатысты: «Егер Қауіпсіздік кеңесіндегі жедел әрекет іске асса, Иранның Агенттікпен ынтымақтастық келісімі де күшін жойып, қарым-қатынастар жаңа шарттарға енеді»,- деді.
Арақчи баса айтты: «Үш еуропалық елдің дипломатиялық үдерісті ілгерілетудегі әрекеттері бұзушы және Иран тиісті жауап береді».
Иранның сыртқы саясат аппаратының басшысы сондай-ақ АҚХА бас директоры Рафаэль Гросси және Еуропа елдерінің сыртқы істер министрлерімен өтетін алдағы кездесулерге тоқталып: «Бұл уақыт кезеңі қорытынды кеңестер үшін мүмкіндік болып табылады, қарсы тараптар Иранмен ынтымақтастық немесе қарсыласу жолы арасында шешім қабылдауы керек»,- деді.
Ислам республикасының тек құрмет пен ізеттілік тілін қабылдайтынына тоқталып: «Иран дипломатияға ұмтылатынын және Иран ұлтының мүдделері мен қауіпсіздік мәселелері орындалған жағдайда бейбіт шешім табуға дайын екенін көрсетті»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі қазіргі жағдайды АҚШ-тың келісім шартынан шығуының нәтижесі деп тауып: «Иран халқының жолы айқын болғанымен, аймақ пен халықаралық жүйенің игілігі дипломатиялық шешім табуды талап етеді және Иран бұған толық дайын»,-деп қосты.