Иран Сыртқы істер министрі: Каир келісімі енді жарамсыз
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі Каир келісімінің енді күшін жойғанына тоқталып, АҚШ пен Еуропаның үш елінің Қауіпсіздік кеңесінің Иранға қарсы мерзімі өткен санкцияларын қалпына келтіру әрекетін заңсыз деп санады.
Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні Теһранда тұратын елшілер, уақытша сенімді өкілдер және шетелдік және халықаралық өкілдіктердің басшыларымен бірлескен отырысында: «Иран Ислам Республикасы Кеңестің бұл санкцияларды қайта бастауын заңсыз деп санайды»,- деп баса айтты.
ParsToday агенттігінің Иран Телерадио бірлестігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның сыртқы саясат аппаратының басшысы мен Теһранда тұратын шетел елшілерінің бірлескен отырысында соңғы аймақтық оқиғалар жабық есік жағдайында талқыланды. Кездесудің ең маңызды күн тәртібі АҚШ пен Еуропаның үш елінің Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларын қалпына келтіру бойынша заңсыз әрекетінен кейін Иранның көзқарастарын түсіндіру болды.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ Теһранда тұратын елшілер, істер жөніндегі уақытша өкілдер және шетелдік және халықаралық өкілдіктердің басшыларымен бірлескен кездесуден кейін тілшілерге: «Snapback барлық алдыңғы шарттарды өзгертеді және Каир келісімі енді жарамсыз. ИИР мәселені келіссөздер арқылы шешудің барлық мүмкін жолдарын қолданып көрді, ал қазір Батыстың Snapback пайдалануына ешқандай дәлелді себебі жоқ»,- деді.
Арақчи: «Тәжірибе Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуден басқа шешімнің жоқтығын дәлелдеді»,- деп айтты. Иранның сыртқы саясат аппаратының басшысы былай деп қосты: «Әскери шабуыл Иранның ядролық мәселесінің шешімі болмағаны сияқты, Snapback бұл тұрғыда ешқандай әсер етпейді».
Арақчи дипломатияның әрқашан бар екенін айтып: «Еуропа Иранмен келіссөздердегі рөлін жоғалтты және азайтты»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі: «Егер олар (Америка мен Еуропа) адал ниетпен алға шықса, біз келіссөздердің сәтті нәтижесіне, әсіресе қазіргі жағдайды қиындатқан Қауіпсіздік кеңесінің санкцияларының қайтарылуы жағдайда да үмітті бола аламыз»,- деп сөзін жалғады.
ИИР Сыртқы істер миниастрі былай деп мәлімдеді: «Америка Құрама Штаттары мен басқыншы режимнің Иранға қарсы әскери агрессиясы кезінде барлық елдер Ислам республикасымен ынтымақтастық жариялады, өйткені Иран дана актер болды. Қазіргі жағдайда ұқсас оқиға орын алса, Иран әлемде қисынды актер ретінде танылады».