Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ақпарат отырысын өткізді
(last modified Wed, 25 May 2016 14:49:51 GMT )
Maм 25, 2016 20:49 Asia/Almaty
  • Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы ақпарат отырысын өткізді

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мәжілістің 9- шы шақырылымы бекіткен ең маңызды заңдарды экономика жөнінде болды деп бағалады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің 9- шы шақырылымының жабылуынан кейін өткен ақпарат отырысында 9- шы мәжілістің елдің ең маңызды тақырыбы ретінде экономикалық мәселелерге көңіл бөлгенін тілге тиек етіп: "Бекітілген заңдардың көбісі экономикалық мәселелерге қатысты болды. Соның ішінде кәсіп пен жұмыс кеңістігін дәуірлетуге сілтеме жасауға болады" деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісі төрағасының айтуынша, отандық және шетелдік инвестиция салуды жеңілдетуге қатысты кейбір жайттар да 9- шы мәжілісте бекітілді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы сондай- ақ, 9- шы мәжілістің хаклықаралық және аймақтық тұрғылары туралы: "Аймақтағы текетіреске толы жағдайда және ядролық келіссөздерде депутаттар қолайлы қатынас жасады" деді.

Лариджани 9- шы мәжілістің дипломатиялық айдындағы ең маңызды шешімі туралы: "Үкіметті «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын орындауда ыңғайлы шара қолдануға және Американың қылмыстарынан туындаған шығындарды қарастыруға міндеттеу жобасы 9- шы мәжілістің осы шешімдеріне жатады" деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы америкалықтардың «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейінгі кедергі келтірулері жөнінде: "Шағын банктер ирандық банктермен әріптестік жасап отыр. Мәселе тек үлкен банктерде болып отыр. Бұл жөнінде шара қарастырылған" деді.

Иранның Заң шығару билігінің төрағасы ислам республикасындағы бүгінгі тілеулестікті қоғамдағы барлық топтарды қамтып отырған діни жетекшінің берекесі деп атады.

Тегтер