Иранға алты айда 3,55 миллион шетелдік турист келді
https://itolqyn.com/news/iran-i81932-Иранға_алты_айда_3_55_миллион_шетелдік_турист_келді
ParsToday - Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі елге келетін шетелдік туристер санының артқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-16T13:10:50+00:00 )
Қар 16, 2025 15:33 Asia/Almaty
  • Иранға алты айда 3,55 миллион шетелдік турист келді

ParsToday - Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі елге келетін шетелдік туристер санының артқанын хабарлады.

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейед Реза Салехи Амири Fars News агенттігіне берген сұхбатында: «Биылғы жылдың сәуір және мамыр айларында туристер санының 30%-дан астам өсуі тіркелді, ал қыркүйек және қазан айларынан бастап өсу үрдісі қайтадан басталды», - деді. ParsToday хабарлауынша, ол осы жылдың бірінші жартысында Иранға 3 миллион 550 мың турист келгенін мәлімдеп, осы жылдың соңына дейін Иранға келетін туристер саны 7 миллионнан асады деп болжады.

Салехи Амири былай деп айтты: «Иран өзінің бай мәдени мұрасымен, алуан түрлі табиғатымен және ерекше тарихи ескерткіштерімен әлемдегі ең тартымды туристік бағыттардың бірі болып табылады».

Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі сондай-ақ Дүниежүзілік туризм ұйымының тізіміне үш ирандық ауылдың тіркелгеніне тоқталып: «2025 жылы Иран сегіз ауылды енгізді, олардың ішінде Хасанлу, Фахрадж және Шафиабад сәтті тіркелді», - деп қосты.