Ресей: Башар Асадтың орнына басқа адам қою мәселесі қарастырылмайды
(last modified Mon, 15 Feb 2016 09:28:34 GMT )
Ақп 15, 2016 15:28 Asia/Almaty
  • Ресей: Башар Асадтың орнына басқа адам қою мәселесі қарастырылмайды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Мәскеудің көзқарасы бойынша Сирия Президенті Башар Асадтың орнына басқа адам қою мәселесі қарастырылатын мәселе емес»,- деді.

ИРНА-ның мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Геннадий Гатилов германиялық «SPIEGEL» басылымына берген сұхбатында: «Мәскеудің көзқарасы бойынша, Башар Асад – Сирияның заңды президенті. Ресей АҚШ-тың Асадтың орнына басқа адам қою талабына қарамастан, еш уақытта бұл мәселені талқыға салмайды.

Башар Асадтың келешегі туралы Сирия халқы ғана шешім қабылдайды. Сирия халқының көбі Асадты қолдайды. Егер ол қазір отставкаға кететін болса, Сирия күйрейді» деп қуаттады.

Гатилов Сауд Арабиясы мен Қатардың Башар Асад үкіметінің қарсыластарын қолдау саясатын сынап: «Келешекте Ресей Таяу Шығыс аймағындағы рөлін арттырады, өйткені Мәскеу бұл аймақтың жағдайына алаңдайды" деді.