Мәртебелі жетекшінің Эксперттер мәжілісінің депутаттарын қабылдауында сөйлеген сөзі
Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Эксперттер мәжілісінің революциялық болмысы мен бағытын баяндап: "Жүйе тіршілігі мен ілгерілеушілігінің және революция мақсаттарын жүзеге асырудың жалғыз жолы мемлекеттің шынайы айбындылығы және үлкен жиһад, яғни дұшпанға бағынбау болып табылады" деп баса айтты.
Хазірет аятолла улузма Хаменеи бүгін бейсенбі күні Эксперттер мәжілісінің төрағасы мен халықтың қалаулы өкілдерін қабылдауында осы мәжілісті «шынайы ұлы құбылыс» деп атады.
Ол жақсы сайлаулар және халықтың жаппай қолдауымен Эксперттер мәжілісінің құрылуы үшін Жаратушыға алғыс айтып: «Эксперттер мәжілісі илаһи нығмет болып табылады. Тіпті Конституциядағы міндетін айтпағанның өзінде ұлы да ықпалды құбылыс болып саналады» деді.
Эксперттер мәжілісінің бағдары мен мақсаттары революцияның бағыты мен мақсаттары болуы керектігін қуаттаған ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Исламның билігі, азаттық, тәуелсіздік, әлеуметтік әділет, қоғамның рахаттығы, кедейшілік пен надандықтың тамырын жою, Батыстағы ахлақтық, экономикалық, әлеуметтік және саяси бұзықтықтар тасқыны алдында қарсыласу және астамшылдар майданының үстемдігіне қарсы тұру Иран халқының исламдық революциясының ең маңызды мақсаттары болып табылады» деді.
Хазірет үстемшілдікті астамшылдардың болмысы мен табиғаты деп атап: «Астамшылдар майданы барлық халықтарға үстемдік етуді мақсат етуде. Қарсыласуға шыққан әрбір халық пен ұлт олардың тозағына түседі» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи исламды зұлымдық пен астамшылдықты мансұқ етуші дін деп атап: «Әлбетте, бір үкіметтік жүйе түрінде орнатылып, әскери, саяси, мәдени және ақпараттық күш құралдарына ие болған ислам әлемдік зорлықшыларға қарсы тұрып, үстемшілдер майданының көзін жоя алады» деді.