Шәһид Бадруддиннің жанұясы Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
(last modified Fri, 27 May 2016 12:51:12 GMT )
Maм 27, 2016 18:51 Asia/Almaty
  • Шәһид Бадруддиннің жанұясы Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

Ливан Хезболласына қарасты әскери тармақтың қолбасшысы шәһид сейіт Мұстафа Бадруддиннің жанұясы сәрсенбі күні Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеимен кездесті.

Хазірет аятолла Хаменеидің туындыларын сақтау және жариялау кеңсесінің бейсенбі күнгі хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде шәһид Бадруддиннің ержүректігі мен ерліктерін мадақтап: «Бұл шәһидтің болаттай берік рухы жайында көп естідім. Алла тағаладан оның дәрежесінің өсуін, ал жанұясы – сіздерге сабырлық беруін сұраймын. Ливан Хезболла мен қарсыласу күштерінің болуына байланысты үлгі тұтарлық елге айналды. Шынымен осыншама адал мүміндер қызмет ететін жерді өте сирек кездестіруге болады»,-деп қуаттады.

Хазірет аятолла Хаменеи шәһид Бадруддиннің жанұясына: «Ливан елі географиялық тұрғыдан кішкентай болса да, мағына жағынан бүкіл аймаққа әсер етеді. Бұл қарсыласу қозғалысының шәһидтері қанының арқасында мүмкін болып отыр»,-деді.

Осы кездесу аясында хазірет аятолла Хаменеи өзінің сақинасын шәһид Бадруддиннің ұлы Әли Бадруддинге сыйлады.