Арақчи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға жол бермейді
(last modified Fri, 27 May 2016 14:21:19 GMT )
Maм 27, 2016 20:21 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға жол бермейді

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары ИИР-ның батыстықтарға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзуға рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи бейсенбі күні кешке Иранның 1-арнасына берген сұхбатында АҚШ Конгресінің бұл елдің Ираннан ауыр су сатып алуына тосқауыл қою туралы жуырдағы қаулысына қатысты: «Бұл қаулы қабылданған күннің өзінде де маңызды емес, өйткені «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша АҚШ пен басқа ешбір ел Ираннан ауыр су сатып алуға міндеттелмеген»,-деді.

Арақчи ауыр судың бағалы тауар екенін және оны сатып алушылардың көптігін айтып: «Иранның жалғыз міндеті – өзінен артылған ауыр суды халықаралық нарыққа шығарып сату»,-деп баса айтты.

Арақчи Иранға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы кеңістігін пайдалануға жол бермеу үшін АҚШ пен аймақтағы реакцияшыл фракциялар тарапынан Ираннан үркіту кеңістігінің тарала түскеніне тоқталып: «Ираннан үркіту саясатымен күресіп, әлемнің экономикалық қауымдастығының сенімін тудыратын кеңістік қалыптастыру қажет»,-деп қуаттады.