Аятолла Арафи: Кез-келген ел өзінің территориясын жаудың пайдалануына бермеуі керек
ParsToday -Уақытша басшылық кеңесінің мүшесі: «Иран жауларына және олардың базаларына шабуыл жасауында ешқандай күмәні жоқ және кез-келген ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаудың оның территориясын пайдалану жолын жабуы керек»,- деді.
ParsToday-дің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Иранның уақытша басшылық кеңесінің мүшесі аятолла Әлиреза Арафи жексенбі күні Иранға АҚШ пен Израильдің соңғы шабуылдары туралы сұхбатында ирандықтардың жиындарға жаппай қатысуына және қарулы күштерді қолдауына ризашылық білдіріп, былай деді: «Барлық ағымдарды, топтарды, зиялыларды және БАҚ-ды Иранды және Исламды қолдау үшін өздерінің тиімді рөлін атқаруға шақырамыз».
Аятолла Арафи Иранның қарулы күштерінің соғыс жобаларын, батылдығы және жанкештілігін, сондай-ақ шәһид болған имамның әрі қарулы күштер қолбасшысының нұсқауларына сай әрекеттерін мадақтап: «Аллаға сүйеніп, Иран халқына және шексіз рухани байлықтарына сенім артып, қарулы күштердің және батырлық жасаған әскер мен армияның тарихи әрекеттері күштірек жалғасады»,- деп баса айтты.
Ол сонымен қатар: «Әлемнің және аймақтың барлық елдері Иран мұсылмандардың және әлем бойындағы бостандыққа ұмтылушылардың және аймақтық елдердің жанында екенін білуі керек, бірақ жауларына және олардың базаларына шабуылдауда ешқандай күмәні жоқ және кез-келген ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауға өз территориясын пайдалануға рұқсат етпеуі керек»,- деді.