Сардар Шекарчи: Парсы шығанағындағы әрекеттер бастамасы ирандық күштердің қолында
ParsToday- Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: «Егер Иранның порттарына, айлақтарына және экономикалық орталықтарына шабуыл жасалса, Парсы шығанағындағы ешбір порт пен айлақ қауіпсіз қалмайды»,- деп ескертті.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі, Сардар Абольфазл Шекарчи сәрсенбі күні АҚШ Орталық қолбасшылығының (CentCom) басшысы Брэд Купердің қорқытуына реакция білдіріп: «Купер жақында Иранды қорқытып, «Сақшылар корпусы теңіз күштерінің кемелері Иранның экономикалық айлақтары мен порттарына жасырынған» деп мәлімдеген еді»,- деді.
Сардар Шекарчи CentCom басшысының бұл мәлімдемесін «өтірік» деп атап, «Сақышлар корпусы және Армия теңіз күштері халық пен экономикалық орталықтарда жасырынатындай емес, олар әлдеқайда қуатты»,- деп баса айтты.
Ол: «Бүгінгі таңда Парсы шығанағындағы әрекеттер бастамасы ирандық күштердің қолында. CentCom біздің экономикалық орталықтарымызды нысанаға алып, бейкүнә халыққа қарсы арнайы әрекет жасау үшін осы сылтауды айтуда», – деді.
Иран Қарулы күштерінің баспасөз өкілі көрші елдерді «америкалықтарға пана бермеуге және оларды шығарып жіберуге» шақырды.
Сардар Шекарчи: «Біз мұсылман халықтарының егемендігі мен ұлттық мүдделерін құрметтейміз, бірақ бүгін олардың мүдделері мен ресурстары американдықтардың жасырынатын орнына айналды», – деді.