Пезешкиан: Агрессорларға қарсы тұруда ешқандай күмәніміз жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i83200-Пезешкиан_Агрессорларға_қарсы_тұруда_ешқандай_күмәніміз_жоқ
Pars Today- ИИР Президенті былай деп мәлімдеді: «Иран халқы, үкіметі және Қарулы күштері ешқашан шиеленіс пен қақтығыс іздемеген, бірақ агрессияға қарсы тұруда, сондай-ақ халық қолдауы мен ұлттық қабілетке сүйене отырып, аумақтық тұтастық пен ұлттық қауіпсіздікті қатаң әрі заңды түрде қорғауда ешқандай күмәні жоқ».
(last modified 2026-03-17T12:55:44+00:00 )
Нау 16, 2026 17:54 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Агрессорларға қарсы тұруда ешқандай күмәніміз жоқ

Pars Today- ИИР Президенті былай деп мәлімдеді: «Иран халқы, үкіметі және Қарулы күштері ешқашан шиеленіс пен қақтығыс іздемеген, бірақ агрессияға қарсы тұруда, сондай-ақ халық қолдауы мен ұлттық қабілетке сүйене отырып, аумақтық тұтастық пен ұлттық қауіпсіздікті қатаң әрі заңды түрде қорғауда ешқандай күмәні жоқ».

ParsToday-дің  Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сүйеніп хабарлауынша, Масуд Пезешкиан мен Эмманюэль Макрон – Иран мен Франция Президенттері телефон арқылы сұхбаттарында аймақтың соңғы мәселелерін талқылады.

Пезешкиан АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы заңсыз агрессиясы мен шабуылдарының ауқымын сипаттай отырып, агрессия АҚШ пен сионистік режимнің әртүрлі мақсаттарға, соның ішінде бейбіт мақсаттағы нысандарға шабуылдарын жалғастырып жатқанын айтып, соңғы уақытта ирандық Харк және Бумуса аралдарына қарсы шабуылдарға тоқталып, былай деді: «Бұл шабуылдар Парсы шығанағындағы кейбір елдердің аумағын пайдалану арқылы жүргізілді. АҚШ-қа Иранға қарсы қатыгез шабуыл үшін аумақ пен мүмкіндіктер беру халықаралық құқыққа және шекаралық қатынастар негізгі қағидасына қайшы келеді».

Иран Президенті: «Иран халқы, үкіметі және Қарулы күштері ешқашан шиеленіс пен қақтығыс іздемеген, бірақ агрессияға қарсы тұруда, сондай-ақ халық қолдауы мен ұлттық қабілетке сүйене отырып, аумақтық тұтастық пен ұлттық қауіпсіздікті қатаң әрі заңды түрде қорғауда ешқандай күмәні жоқ», – деп қосты.

Пезешкиан аймақтағы қауіп пен тұрақсыздықтың тамырын сионистік режимнің дұшпандық әрекеттері, Газа мен Ливандағы қырғындар, сондай-ақ АҚШ-тың қатысуымен Иранға қарсы екі соғысты бастауы деп атады. Еуропаның кейбір елдерінің осы режим мен АҚШ-тың аймақтағы қылмыстарын қолдауына сын айтып, оларды халықаралық құқыққа және әлемде заң үстемдігіне берік ұстануға шақырды.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон да бұл соғысты тоқтату қажеттілігін мәлімдеп, аймақтағы шиеліністің күшеюі мен Ормуз бұғазының жағдайы, Ливан Хизболласы мен Израиль арасындағы қақтығыстарға аландаушылық білдірді.

 

 

 

 

 فیلم جدید نتانیاهو هم جعلی است/ ابهام درباره سرنوشت او بیشتر شد